Костюм силуэтінің формалары



Дата04.04.2022
өлшемі45 Kb.
#137816
Байланысты:
Адам біті және силуэті


Костюм силуэтінің формалары.

Костюм силуэті деп оның негізгі ерекшіліктерін айқындайтын пішін көлімінің тегістігін айтады. Силуэт пішіні – бұл оның пластикалық композициясы. Осы композициядан белгілі бір кезеңдегі костюмнің пішін үйлесімінің сəнді типін ғана емес, костюмнің дене бітіммен өзара үйлесімін де байқауға болады. Силуэт бұйым пішінінің немесе жалпақтығының көшірмесі емес, бұйымның реттелген символы (бейнелі силуэт А, Д, Т, Х). Жетекші модельдік ұйымдар коллекциясында киімнің үш пішін қалыптастырушы силуэт–эталоны бекітілді: қынама, жартылай қынама жəне бос пішін. Силуэтті анықтау үшін оны шаршы, тікбұрыш, трапеция, сопақша, т.б. геометриялық формалармен салыстыруға болады.


Силуэттің түрлері:
  • геометриялық формада – тікбұрыш, трапеция, сопақша, икс тəрізді;


  • дене бітімге қонымдылығына байланысты – жартылай жабысқан, тар, кең, қолпылдақ, төменгі жағы тарылған немесе кеңейтілген.


Адамның дене бітімінің артықшылықтарын немесе кемшілігін көрсететін силуэт мүсін өнерлі силуэт деп аталады. Табиғи кескіннен гөрі оны бүркемелеп, дененің пішіні мен пропорциясын ойша өзгертуді декоративтік деп атайды.


Киімнің сыртқы кескінін, силуэт контурын сызықтар кескіндейді. Сызықтар силуэтке айқындық бейнесін береді, пропорцияны анықтайды, композиция мазмұнын ашады, сəн бағытын айқындайды. Костюм сəні бағытының ауысымы силуэт ауысымымен тектен текке орайласпайды.
Костюм силуэті иық сызықтары, бұйым кескіні, жеңбасы, белдік, төменгі жақ деңгейіне байланысты.
Мықын сызығы да силуэтте үлкен рөл атқарады: кең пішіндегі белдемше нəзіктікті көрсетеді, ал жабысқан, яки «сигарет» түріндегі белдемше пішін жеңілдігін көрсетеді.
Төменгі жақ сызықтары, иық сызығы сияқты, сəннің ең негізгі белгісі. Ол дене бітімнің барлық пропорциясын анықтайды.

        1. Костюмдегі сызықтардың əсері.

Суретші костюмді конструкциялау кезінде əр түрлі сызықтарды пайдаланады. Бұл –


көлденең, тік, диагональ, қисық, сынық, аралас, параллельді жəне қиылысатын сызықтар.
Киімнің, оның бөліктерінің, бөлшектерінің контурларын конструктивтік, декоративтік жəне декоративтік–конструктивтік сызықтар ретінде қарастыруға болады.

Конструктивтік сызықтар – костюм бөліктері мен жеке көлемдердің қиысу сызықтары
  • фасонның негізі. Оларға қосылған тігістер, бедерлер, пішін мүшелендіру сызықтары жатады, пішін көлемінің өзгерістері басталады – бүкпелері, кескінділері жəне тағы басқа.




Декоративтік–конструктивтік сызықтар – екі қызметті біріктіреді – декорациялық жəне конструкциялық қажеттіліктер. Оларға жол кесте, бау, баукесте,тағы басқа арқылы безендірілген сызықтар жатады.

Декоративтік сызықтар – ешқандай утилитарлық–практикалық қызметті атқармайды.
Бұл киімнің кестелеу жолақтары, шілтері, мережка, баулары, кестесі, таспасы сияқты əр түрлі əрлеу сызықтарының сызбалық сипатын құрайды.


Көлденең (горизонталь) сызықтар бұйымның енділігін көрсете отырып, толықтық, тыныштық, тұрақтылық елесін береді. Киім силуэтінде негізгі бес көлденең сызықтарды ажыратады: иық, кеуде, бел, мықын, етек сызықтары.

Тік (вертикаль) сызықтар бұйымның ұзындығын көрсетеді, төзімділік, беріктік, негізділік əсерін береді. Мұндай сызықтар бойдың биіктік, яғни бойшаңдықты көрсетеді. Негізділік конструкциялық тік сызықтар белдемше ұзындығын, арқа немесе шалбар ұзындығын, жең ұзындығын белгілейді.

Қисық сызықтар – киімнің конструктивті–композициялық сызықтарының ішіндегі ең бір бастысы, тек сол киімде ғана адам дене бітімінің кескін–келбеті анықталады, бұлар: белден мықынға, белден кеудеге тарайты сызықтар, қолтық ойындысы. Қисық сызықтар киімнің жекеленген бөлшектерінде де кездеседі.

Сынық сызықтар жаға, қалта, жаға қайырмасы сияқты киім бөліктерінің конструкциясында жиі пайдаланылады.

Аралас сызықтар реглан, нымша, иініш конструкцияларында кездеседі.

Диагональ сызықтар əр түрлі тілікшелік бөлшектерге, бүрмеде, аяқ киімде, киім бүкпесенде, т.б. кеңінен қолданылады. Бірінен–біріне ауыса отырып, бұл сызықтар көлденең жəне диагональ сызықтардың қасиетіне ие болады, пішін мен көлемді бағыт сипатына қарай үлкейте немесе кішірейте алады.

Параллельді жəне қиылысатын сызықтар – негізінен сəндік, əшекейлік, əрлеу сызықтары. Түзу сызыққа қарағанда иілген сызықтар киімге анағұрлым сəнділік пен əшекей береді. Түзу сызықты – классикалыққа, ал аралас сызықты – көркемділікке балайды.
5 дəріс. Тақырып: Костюм композициясының басты заңдылықтары.

1. Костюмді үйлестіру құралдары.

Костюмның тұтастығы жəне бөліктерінің үйлесімділігі элементтерінің бірлік əрі байланыс қасиеттерінің бірнеше шарттары орындалғанда ғана жүзеге асады: бөліктердің өзара үйлесімділігі, өлшемділігінің масштабтылығы, пропорционалдығы, ырғақтық байланысы, созылмалылығы түстік жəне фактуралық шешім.


Композициялық қасиеттерінің тандалуы көркемділік ойға, бейнелік мазмұны жəне костюмның арналуына байланысты. Олардың қолдануы бұйымдарға қойылатын функциялық жəне құрылымдылық талаптарға сай болуы қажет.
Киім композициясының негізі киім бөліктерінің жиынтығы, осы көлемдердің ара қатынасы, киімнің жалпы шамаластығы оның силуэті құрайды. Пішіннің мəнерлік деңгейі осы негізгі көлемдердің өзара үйлесімділігіне, пішіндеріне жəне костюмдегі табылған жалпы пропорцияға байланысты.
6 дəріс. Тақырып: Костюмнің адам тұлғасының пластикасымен байланысы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет