Коуч: Камидуллаева М. Е. Коучинг тақырыбы: Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ. Мақсаты



бет4/4
Дата01.12.2023
өлшемі59,29 Kb.
#194479
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

VI. Қорытынды«Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес,пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді.Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:"Не істеп,не оқысам да соның бәрі,тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді,ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін",-деген екен.Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттерінің өздеріне шәкірт тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес етіпті» Я.А.Каменский. Біздердің, деңгейлік бағдарламаны меңгерген, әріптестердің іс-әрекеті(коучинг, тәлімгерлік, топтық жұмыстар, шеберлік сыныптар т.б.)осы даналар сөзінің айқын көрінісі. Өйткені курстан өтпей-ақ осы бағдарламаны қолданатын мұғалімдер күн санап артып отыр. Қазақ халқында біреуге жақсылық жасау - үлкен сауап. Бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық, үйрете жүріп, өзіміз де үйренуден жалықпайық!

Мұғалім білімін, қабілетін, сенімін, ішкі мүмкіншіліктерін интеллектуалдық, психологиялық сапасын үнемі толықтырып, жаңартып отыру мақсатында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасуы керек.


“Bilim school”мектебінде “Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ” атты тақырыпта коучинг өтілді.
Мақсаты: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздарға сабақ барысындағы
әдіс -тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз деген атқа лайықты болу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты, өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға болулары шарт. Аталған коучинг жоғары деңгейде өтті. Мектеп мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, ой бөлісті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет