Коуч: Камидуллаева М. Е. Коучинг тақырыбы: Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ. Мақсаты


ІV. Сергіту сәті. «Өзіңді тереңірек тани біл!»



бет3/4
Дата01.12.2023
өлшемі59,29 Kb.
#194479
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)

ІV. Сергіту сәті. «Өзіңді тереңірек тани біл!» Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады. Таңдаған жеміс-жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз. Кілті:

Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.  Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.  Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.  Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.  Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлік, батылдық керек.  Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншатығыңыз да жоқ емес.  Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

V.Рефлексия: «Сандық, еттартқыш, қоқыс шелегі»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет