Соңғы тапсырма 10 минуттық эссе.Оның қалай жазылатындығы туралы слайдпен таныстырылым көрсетілді. Осы тапсырмаға «Притча Индивидуальный подход»видеотүсірілімін көрсетіледі. Осы түсірілімнен не түйгендінен эссежазады.Эссенің жазылу барысымен танысқанымда тек нені көргендігін ғана қайталап жазып қойғандар кездесті.Керісінше өз ойларының түйінін жазған әріптестеріміз де кездесті.
Сабақ соңында «БББ»кестесі яғни « Білемін ,Білгім келеді,Білдім» бойынша әріптестерімізден кері байланыс алдық. Кері байланыспен таныса келе әріптестеріміздің осындай сабақтың тағыда қайталанып, яғни үйрену үшін өте тиімді әдісекендігін айтты.Мұғалімдердің басым көпшілігі мұндай үдеріске бұрын соңды қатысып көрмегендіктен алғашқы кезде тапсырманы орындау барысында белсенділік танытпай араласпай отырып еді. Тест тапсырмасын АВСД жүйесімен жүргізуді бастағаннан бастап қызу жұмыс орындауға кірісіп кетті. Жалпы мұғалімдер де оқушылыр сияқты ғой қызықты тапсырма берілсе қызу жұмыс жүреді, ал керісінше сабақ бір сарынмен яғни дәстүрлі сабақпен жүргізе берсең ешқандай өзгеріссіз бола бермек. Менің коучинг сессияны жүргізгенде тапсырмаларды өздері орындай отырып түсінуіне мүмкіндік алтындай тапсырмалар берілді. Әріптестеріміз тапсырманы орындау барысында осы коучингте қолданған тәсілдерді өз сабақтарында қолданып көретіндіктерін айтты. Мысалы алты қалпақ кез -келген тақырып бойынша жұмыс жүргізген тиімді болатындарына көздері жеткендерінің дәлелін көргендерін айтты. Сонымен бірге үлкен тақырыптармен жұмыс жүргізгенде «Джигсо» тәсілімен жұмыс жасағанның тиімді екенін білді. Сабақ соңында кері байланыс алу керектігі де талқыға түсті.