Қарастырылған жағдай үшін кинетикалық тәуелділіктер 5.12- суретте көрсетілген.
Қарастырылған жағдай үшін кинетикалық тәуелділіктер 5.12- суретте көрсетілген.
5.12-сурет. A↔B қайтымды реакциясы үшін концентрацияның уақытқа тәуелділігі: a,b–А,В заттарының бастапқы концентрациялары; x∞–А,В заттарының реакция басталған уақыттан тепе-теңдік орнағанға дейінгі концентрацияларының өзгерісі
Қайтымды (екі жақты) реакциялар
Қайтымды (екі жақты) реакциялар
Тура және кері бағытта жүруге қабілетті реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды.
Бұл процесс жүруінің термодинамикалық қайтымдылық түсінігінен, әрине өзгеше. Газ фазада жүретін бірінші ретті қайтымды реакцияның мономолекулалық типін қарастырайық:
A ↔B
Мұндай реакцияларға көмірсутектердің изомерленуін, мысалы, н – бутанның изобутанға айналуын келтіруге болады. υ1 , υ2 және k1 , k2 - тура (солдан оңға) және кері (оңнан солға) жүретін реакциялардың жылдамдықтары мен жылдамдық константалары деп белгілейік. Массалардың әрекеттесу заңына сәйкес:

Тізбекті реакциялар
Химиялық активті бөлшектердің (бос атомдар, радикалдар т.б.) қатысуымен жүретін және қайталанатын сатыларының саны өте көп реакцияларды тізбекті реакциялар деп атайды.
Тізбекті реакцияларды зерттеудің – жану, мұнайды крекингілеу, пластмасса өндіру т.б. процестер үшін маңызы өте зор. Коваленттік байланыс гомолиттік үзілгенде байланысқан атомдардың әрқайсысында бірсыңар электроннан қалады; түзілген мұндай бөлшектерді бос радикалдар деп атайды: А : В →А· + В·
Зат энергия жұтқанда (жылу немесе жарық әсерінен) байланыс үзіліп, бос радикалдар түзіледі. Жарық жұту нәтижесінде жүретін реакциялар фотохимиялық деп аталады. Мысалы, хлор мен сутек газдары қараңғыда 2000С -дан жоғары температурада ғана әрекеттесіп, хлорсутек түзеді. Жарық көзінде бұл реакция бөлме температурасында жоғары жылдамдықпен жүреді: