8 сабақ 1. Тақырыбы: Жаңа детоксокациялық әдістерді қабылдаудағы және жүргізудегі медбикенің рөлі
2. Мақсаты: Реаниматологиялық көмек көрсету кезіндегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру және іске асыру.
3. Тапсырмалар:
Детоксиканың заманауи әдістерімен танысу;
Реаниматологиялық көмек көрсету кезіндегі мейірбике – анестезистканың функцияларын талдау;
Инфузионды – трансинфузионды терапияға және гиповолемияға заманауи көзқарастармен танысу;
СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттердің таңдауын жүргізу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықпен, оқу әдебиетімен, Интернет мәліметтерімен жұмыс жасау);
Конспект немесе көрнекі материалдармен реферат құру;
Берілген тесттер және ситуациялық тапсырмаларды шешу;
Өз бетінше тақырып бойынша тесттік сұрақтарды немесе ситуациялық тапсырмаларды құру.
4.Орындау түрі (реферат, презентация, тапсырмаларды құру, тесттер, алгоритмдер, ауру тарихын жазу, рөльдік ойындар үшін сценарийлер, рецензиялар және басқалар).
реферат
презентация
кезекшілік
есеп беру
тақырып бойынша өз бетінше тесттерді және ситуациялық есептерді құру
СӨЖ қиылыстық рецензиялауды жүргізу
6. Тапсыру мерзімдері: Тақырыптың жоспар бойынша 15 – ші практикалық сабақтан кешіктірмеуі қажет.
7. Бағалау критерилері: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:
«өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.
«жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.
«қанағаттанарлық»баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.
«қанағаттанарлықсыз»баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.
8.Әдебиеттер:
Негізгі: А.И. Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии. Санкт-Петербург. СпецЛит. 2003
А.А. Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 1994.
Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И. Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт», 2000.
Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. Пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.
Е.Д. Лобанова, Реаниматология и интенсивная терапия. М., Медицина, 2000.
Справочник главной (старшей) медицинской сестры. (Изд-е 3-е, дополненное, переработанное).М.:Издательство Грантъ,2001.880 с.
Қосымша: Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.
Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.
Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.
Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.
Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.
Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.
Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г
Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);
СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;
Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».
Зильбер А.П. Этика и закон в медицине критических состояний. Петрозаводск, 1998.
С.А. Калкабаева Бірінші медициналық көмек. Шымкент, 2008 ж.
9. Бақылау (тесттер, есептер және т.б.)
Тесттер:
Ең көп волемиялық коэффициентке ие қан алмастырғыш:
Декстран – 70;
Желатинголь;
Гелофузин;
НS – sterill 10%;
Декстран – 40.
2. Жарақат нәтижесінде дамыған гиповолемиялық шок ... қоса жүреді.
Артериалды гипотензия және брадикардия;
Веноздық гипертензия және тахикардия;
Артериалды және венозды гипертензия;
Артериалды және венозды гипотензия;
Артериалды гипотензия және венозды гипертензия.
3. Тікелей емес электрохимиялық тотығу әдісі ... көмегімен жүргізіледі.
5% глюкоза ерітіндісі;
Рингкра ерітіндісі;
Гелофузин;
Плазманың жаңа мұздатылған;
Натрий гипохлорид ерітіндісі.
4. Қалыпты жағдайда ересек адамда айналып жатқан қан көлемі ... құрайды ( дене массасы мл/кг).
50-60
6. Су балансы бұзылысының формалары:
де-және гипергидратация;
дигидратция: изо-, гипер-және гисоосмолярлы;
гипергидратация; изо-, гипер-және гисоосмолярная;
дигидратция вне-, клетка сыртында, клеткаішілік және жалпы;
гипергидратация; клетка сыртында, клеткаішілік және жалпы;
су балансы бұзылысының сәйкес формасы.
7. Қалыпты жағдайда ересек адамдарда орташа су қажеттілігі қаншаны құрайды (мл/кг дене массасы/тәулік):
100;
80;
60;
40;
20.
8. Көлем алмастырғыш функциясын атқармайтын инфузиондық заттар
электролитті изотоникалық ерітінділер
декстрандар
плазма
қан
гидрэксилирленген крахмалдар
9. 1 мл ... тамшы бар:
5;
10;
15;
20;
30.
10. 50 ... тамшы бар.
1,4 мл;
1,5 мл;
2,5 мл;
3 мл;
3,4 мл.
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Науқас К., 40 жас, ойық жарадан кейінгі пилоропластикасы операциялық араласушылықтан кейін қатты шөлдегенін айтты. Объективті: тері қабаты құрғақ, көз алмасы қалыпты қаттылықта, қанағаттанарлық параметрлерде, әлсіз гемоконцентрация. Қажет: дисгидрия типін табу, ИТ әдістері.
Мейірбике науқасқа полиглюкинді көк тамырға ташылатып енгізді. Енгізу кезінде науаста кеуде тұсының қысылу сезімдері, тыныстың тарылу, бет гиперемиясы, тахикардия белгілері байқалды. Қандай жағдай орын алды? Мейірбикнің қателігі неде?
Науқасқа натрий гипохлоридін минутына 70 тамшы жылдамдығымен көк тамырға тамшылатып құю тағайындалған. 3 сағат ішінде науқасқа қанша ерітінді енгізіледі?