Криминалистикалық тактиканың түсінігі



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі38,75 Kb.
#93401
1   2   3
Байланысты:
криминалистика 4

Тінту және алу тактикасы.
Кандай кылмыс жасалса да қылмыскер осы қылмыстын ашылмауына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, заттай дәлелдемелерді тығып, жок. етуге тырысады. Сондыктан тергеу кызметкерлерінін мівдеті - қалай болғанда да кылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алу. Заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, кылмысты ашуға көмектесетін тергеу әре-кеттерінің бірі — тінту.

Кылмыстык іс жүргізу кодексінде тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Занда егер істін мән-жайына байланысты заттай дәлелдемелерді қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу аркылы алынады деп кдна көрсе-тілген. Тінтуді уакыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сон-да ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде карау аркылы іске қатысы бар заттай дәлелдемедерді, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, занда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.


Кейбір авторлар кандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда колда-нылған кару, жалған күжаттар, кылмыскердің киген киімі, т.б. Бүлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырым-дап кәрсетсе де болады. Окиға болған жерді карау мен тінтудін ұксастығы — осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, не пәтер каралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ окиға болған жерді кдрау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен керінеді.


Окиға болған жерді карау оқиғаның қалай болғанын, кыл-мыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын анық-тауға бағытталады. Тінтудің мақсаты - әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.


Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Онын мақсаты -тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтканда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жүмыстарын тінтумен бірдей деп карауға болмайды.


Тінтудің баска тергеу әрекеттерінен айырмашылығы — оның еріксіздігі.


Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол - жеке адамды тінту (личный обыск), түрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы неме-се басқа ғимаратгар мен объектілерді тінту. Әрине, ол іс бо-йынша керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге кандай объек-тілер жатады, соған тоқталсақ. Олар - кылмыс жасалғанда қол-данылған кару-қүралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған қүралдар), жалған кұжаттар, тергеуден қашып, соттан бой жа-салап жүрген кылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып кой-ған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, үрланған кымбат бүйым-дар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың үстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салы-натын объектілер — есірткі заттар, порнографиялык, суреттер, қопарғыш заттар.


Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жүмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толык. ме-кен-жайы, неше бөлмеден түратыны, кылмыс ғимараттың қай кабатында жасалғаны,онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, кай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала аныкталады. Тінті-летін адам жөнінде - оның мінез-кұлкы, каруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметгерді жинап алу керек.


Екіншіден, жедел-тергеу тобын кұрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды кдй жерге ор-наластыру қажеттігін шешу керек.

Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын, айталык, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құраддарды дайындау кажет.


Дайындык жұмыстары толык, аяқталысымен тергеуші, же-дсл топкд кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір так-тикалык әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы объектіге жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жакындар алдында үйдің маңайывда бөтен адамдар бар ма, жок, па, соны абайлап карау кажет. Тінтілетін пәтер көп қабатты болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу ке-рек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұра-са басқа себеппен келгенін айту керек, мысалы коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не баскд бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп тұрғанын алдын ала білмеуі шарт. Тінтудін тактикалык әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындык жүмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту аркылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондық-тан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер колдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенетген кіру тәсілін ойлас-тыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объекті-лерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір заттарды өз еркімен беруі де мүмкін. Бірак тергеушінін жұмы-сы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек зат-тар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір карауға колайсыз бір жерлерге тығылып қойылуы мүмкін.

Бұдан кейін жүргізілетін жұмыс - тінту объектісін жалпы шолып карау, ауланы, бөлмелерді бакылап, дайындык үстінде алған бағдарлык мәліметтерге сәйкес пе, жок па, соны тексеру. Егер бұдан бұрын алынған мәліметтерге казіргі жағдай едәуір сәйкес келмесе, тінту жоспарына, накты жаңа жағдайларға бай-ланысты, косымша өзгерістер енгізіледі. Егер тінтілетін адам аса кауіпті қылмыскер болып, онын кару колдануы мүмкін болса, алдымен оның өзінің жеке басын тінту керек.


Жеке басты тінтудің өзі екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпы-лай тінтіп, бойында қару бар ма, жоқ па соны карап, содан кейін басынан төмен қарай киімін, денесін ұкыпты, мұкият тексеріп шығу қажет. Калтасынан табылған кұжаттар, заттар арнайы алдын ала дайыыдалған жерге койылып, кейін хатгамаға енгі-зіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілетін адаммен бір жынысты адам жүргізуі тиіс. Тінтілетін адамның денесінде бинттелген, байлан-ған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қа-тыстырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі.


Жалпылай шолудан кейін жеке объектілерді карау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, онын белгілі біртәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, объектілерді карау кезегін сақтауға, тағы басқа да тактикалық әдістердің толык және дүрыс қолданылуына байланысты.
Тінтуге кірісер алдында тергеуші нені іздеу керектігіне, қай-дан іздеу керектігіне және қалай іздеу керектігіне айрыкша на-зар аударады. Не іздеу керек екенін тергеуші тінтуге келер ал-дында аныктап, шешіп алады. Ал, кайдан іздеу керектігі тінті-летін объектіні (үйді, бөлмені) жалпы шолып карағанда анык-талады.
Не іздеу керектігін анықтаудың маңызы зор. Айталык, ізде-летін нәрсе үлкен зат па, құжат па, акша ма? Айғақ ізделетін жердің көлемі үлкен, іздеу жұмысы көпке созылатын болса, тінтуді сол ізделетін зат табылады-ау деген жерден бастау ке-рек. Мысалы, тінтуге келген объект бір жеке тұрған көп бөлмелі, ауласы, корасы, жанында учаскесі бар үй болса тінту жүмысын, іздейтін затгың неғүрлым болуы мүмкін жерінен бастаған дүрыс. Айталык, жасырын көміп койылды деген мәйітгі іздеуді кора-дан, үй жанындағы учаскеден бастаған жөн, ал кұжат, ақша, кымбат бұйымдарды іздеуді түрғын бөлмелерден бастау керек. Әрине, соңғыларын гаражға, баска да жерлерге тығып коюы мүмкін. Сондыктан олар да қаралады. Бірак мұндай заттар көбінесе үйде тығылатындыктан іздеу жұмыстарын түрғын бөлмелерден бастаған дұрыс. Тінтуге келгенде үйде қанша адам болса, бәрі де тінту біт-кенше орнында болуы тиіс, кетуге рұксат етілмейді. Тек жұмыс бабымен келген адамдарға, айталык, укол салуға келген медби-кеге, хат тасушыға, жөндеу жүмыстарын жүргізуге келген ше-берге, өзінің кәсіби қызметіне байланысты келген тағы баска адамдарға, олардың құжаттарын, куәліктерін тексергеннен кейін үйден кетугерұқсатберіледі. Отбасы мүшелеріне, үй-іші, бала-шағаларға бір белгілі жер бөлініп (мысалы, жеке бөлме) тінту біткенше сол орында отыруды талап ету керек. Бірнеше бөлме болса, кай бөлмеден тінту бастау керек екені бірден шешіліп, аныкталуы тиіс. Кей жағдайда тергеуші өзі бір бөлмені тінтсе, екінші бөлмені тінту өзімен бірге келген полиция кызметкеріне тапсырылады. Тінтетін объекттек бір бөлме бол-са іздеу есіктен басталып, кабырға бойымен бір бағытта оңнан солға, не керісінше жүргізіліп, одан кейін бөлменің ортасында тұрған объектілер каралады. Табылған заттар алдын ала арнайы белгіленген, айталық, арнайы жеке үстелге кезек-кезегімен койы-лады.

Тінту үстінде тінтілетін адамның көңіл-күйін, іс-әрекетін, психологиялык құбылысын бақылап, осының бәріне сын көзбен қарау керек, себебі мұндай жағдайда тінтілетін адам асып-са-сып, заттың тығылған жерін өзі білдіріп қоюы әбден мүмкін.


Мысалы, іс бойынша тінту жүргізілгенде үйде жалғыз тұра-тын, сатушы әйел басында ашуы келіп, асып-сасып абдырай берген еді. Бәлменін бір белігі тексерілгеннен кейін оның көңіл-күйі көтеріліп, тінтіп жаткдн адамдармен қалжындаса бастады. Тергеуші әйелдің көніл-күйінің өзгеруін байкап қалып, дер кезінде оған мән береді, тексерілген объектілерді тағы бір мұкият карап шығуды жөн көреді, әсіресе, осы әйелдің тапжылмай түрып алған төсек-орын түсы сезік келтіреді. Айтқандай, кайта тексергенде төсектін алмалы-салмалы аркалығының куысынан көп ақша, тергеуге қажет жалған кұжаттар табылады. Міне, сөйтіп тергеуші тінтіліп жаткан адамның психологиялык көңіл күйіне дер кезівде дұрыс мән беруінің нәтижесінде іске керекті объектілерді тауып, тінтуді табысты аяктайды. Совдай-ак тінтуде бір нәтиже беретін тактикалык, психологиялык әдіс — «ауызша барлау». Бұл тактикалык әдістің мәні тергеуші өзінін көмекші-леріне нұсқау берген болып немесе акылдаскан болып, ауызша тінтілушіге естіртіп, кай жерлерді, қай нәрсені, не объектісін мүқият карау керек екендігін айтады. Сонымен бір мезгілде тінтілетін адамның психологиялык көңіл-күйін бақылайды. Зат-ты тыккан жері аталғанда, өзін канша ұстамды ұстаса да, тінті-летін адам көбіне кобалжыған кеңіл-күйін білдіріп кояды, күты қашып асып-сасып калады.


Керекті затты кай жерден іздеу керек екенін табу үшін тергеуші бірден өзін тінтілетін адамның орнына койып, мен өзім қайда тығар едім деп өзіне-өзі сұрақ койып, ойлап, болжап көруі І керек. Жиіркеніп, толык карамас деп, ізделетін затты кылмыс-кер коқсыктың арасына, сыпырынды жәшікке, тағы баскд бір лас жерге тығуы да мүмкін. Мұны да тергеуші есінен шығар-мауы тиіс. Егер құпия, жасырын жер еденде болса, оны да зер салып, мұқият тексеру арқылы табуға болады. Мысалы, еденге жаңадан кағылған немесе жаңадан сырланған тактай не шеге, еден тактайларынын арасындағы саңылаулар шындыкты ашуға көмектеседі. Сондықтан осындай сезік келтіретін белгілер бол-са осы жерді үстірт карамай, неғұрлым зер салып, колдағы бар техникалық күрал-саймандарды пайдалана отырып қарау керек.


Жасырын, күпия жерді іздегенде тінтілетін адамның маман-дығын, оның кәсіби қабілетін де ескерген жөн. Сонымен катар, тығылатын затты коятын қүпия жер, ол заттың кдндай зат екеніне және оның келеміне де байланысты. Егер ізделіп жат-қан заттай дәлелдеме, айталық, жалған кұжат, хат болса оны кітаптың арасына тығуға болады. Тұрғын үйді тінтіп болғаннан кейін ауланы, кораны кдрау керек. Бүл жерге кезек келгенше оны қарап тұруға полиция кызметкерін күзетке кою керек. Қорада, сарайда ағаш, көмір болса олардың бәрін аударып, ағаш-тарды екінші жерге қойып, арасын, астын мұкият карау кажет. Төсек тартып жаткан ауру адамның, не ұйыктап жатқан ба-ланын төсегін де тексеруге тура келеді. Әрине, мұндайда сыр-каттын да, баланың да жағдайына нұксан келтірілмеуі тиіс. Кей де кылмыскерлер заттарды тығатын арнайы күпия орындар жа-сауы да мүмкін. Осындай кұпия орындар, қабырғада, терезенің ернеуіндегі табанша тақтайдың астында, жылу қүбырынын, ара-ларында, т.б. қалтарысты жерлерде болуы мүмкін.


Кабырғадағы қуыс балғамен каккан кезде күңгірт дыбыс береді, ол күлакка естіледі. Жаңадан сырланған, жанадан түсқа-ғаз жабыстырылған жер болса осы жерді аса ұкыптылықпен қарау керек, кабырғадағы суреттер де алынып каралады. Ме-талдан жасалған асыл бұйымдарды іздеуге арнаулы құрал-жаб-дыктар пайдаланылады. Өйткені бұл іске катысты өте маңыз-ды, не аса кымбат заттарды сактап калу, сөйтіп болмашы, арзан заттармен алдаркатып құтылып кету үшін кылмыскерлер әр түрлі айлалар колдануы мүмкін. Сондықтан мүны естен шыға-руға болмайды.


Үйымдастыру тәсіліне орай тінту екі түрге - қайтара тінту және топтасып тінту түріне бөлінеді. Алғашқы тінту қолайсыз жағдайда жүргізіліп ойдағыдай нәтиже бермеген, тінтуші жүмыс-ка жедел тартылып, онын колында кажетті құрал-жабдыктар жеткілікті болмай, тінтуге көмектесетін арнаулы мамандар не-месе баска да катысушылар жетіспей тінтудін сапасына нұксан келтірілген алғашқы тінту кезінде кейбір жерлердің назардан тыс калып немесе асығыс тінтіліп, тергеу ісіне нұксан келтірген, сондай-ақ алғашкы тінту кезінде оқиғаға катысты затгай дәлел-демелер болмаған, оны жаңадан іздестіру қажеттігі туған неме-се кылмыскер алғашкы жасырып калған заттарын кейін бұрын-ғы орнына койған жағдайларда тінту кайтара жүргізіледі.


Кейде бір іс бойынша бірнеше жерде бір мезгілде тінту жүргізуге тура келеді. Өйткені бір қылмыскердің бірнеше пәтері, саяжайы, қызмет бөлмелері болуы мүмкін, бір іс бойынша бір адамның емес бірнеше адамнын катар кылмыскд катысушы ретінде сезік келтіруі, сондай-ак кылмыскер немесе сезік келтірушінін бірнеше туыскандары, дос-жаравдары болып, зат-тай дәлелдемелерді солардын түрған жерлеріне жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда топтасып тінту жүргізбейінше, зат-тай дәледдемелерді, деректерді дер кезінде қолға түсіру киын.


Топ болып тінту кезінде операцияны бір мезгідде, үйлесімді жүргізудін маңызы айрықша. Бұл қылмыскерлердіңбір-бірімен байланыс орнатып, әр түрлі айла-әрекеттер қолданып, жазадан күтылып кетудіңжолын кеседі.


Тінтуді топтасып жүргізген кезде де оған дайындык. және оны өткізу жеке-жеке жүргізіледі. Алайда, олардын бәрі бір жоспарға бағындырылып, бір жетекшінің басшылығымен ұйымдастыры-лады. Операцияның жетекшісі оньщ барлык катысушыларына нұсқау беріп, тінтудің басталар мезгілін белгілеуге, аяк асты-нан туған шараларға, айталык, тінтуді қайтара жүргізу кджет болған кезде, косымша күш бөлуге міндетті.


Заттай дәлелдемелер тиісті заңдылыкка сәйкес алынуы тиіс. Ол көп жағдайда мекемелердің, ұйымдардын, кәсіпорындардың көлігіндегі заттарды алғанда колданылады. Заттар, кұжаттар оның нақты иесінін немесе ол жұмыс істейтін мекеме, ұйым, кәсіпорын өкілінің катысуымен алынады. Ал, арнаулы орын-дарда сақталған күнды заттар осы затгарға тікелей жауапты адам-дардың катысуымен ғана тіркеледі.


Мұндай жұмыстарды жүргізу үшін тергеуші іске катысты объектімен, кұжаттармен, заттармен, алдын ала танысады. Ай-талык, тергеушінің тиісті мекеменің деректерін, есеп-қисап іқүжатгарын зерттеуі, іске кажеттісін іріктеуі үшін дайын бұйым-дармен, заттармен танысуы жиі кездеседі. Кейде осы мақсатта арнаулы мамандар (есепшілер, технологтер, т.б.) тартылады. Міне, осылардан кейін мәселе анықталған соң ғана тергеуші нені алу жөнівде өз каулысын шығарады. Егер азамат іске кажетті заттай дәлелдемелерді бергісі кел-месе ол күшпен алынады. Ал, ол заттар саналы түрде жасырыл-са, оны дереу іздеп, тінту үшін каулы шығарылады. Заттар, кұжаттар табылған жерлерінде тексеріліп, алынады. Егер анық-тау ісі күрделі болып, бұған кеп уакыт талап етілсе, тінтуші-лердің бір тобы бүған арнайы бөлінеді. Жеке тергеу ісі жүргізі-леді.


Тергеу әрекеті хатталады. Овда кандай заттын кай жерден табылғаны, заттың ерікті не еріксіз түрде алынғаны, ол заттар-дын қалай сақталғаны көрсетіледі. Заттарды бейнелегенде оның сезік тудыратын белгілерін кағазға түсірудін кажеті жок. Алын-ған заттар тінтуге катысушылардын көз алдында колдары ко-йылып, мөрленеді.




Хаттамада кай заттын кімнің жауапкершілігімен сактауға қойылғаны, катысушылардың арыз-өтініштері де көрсетіледі. Оған тінту барысында түсірілген фотосуреттер коса тіркеледі. Хаттаманың көшірмесі тінтілген адамға беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет