«Бекітемін» АҚтгтк директоры Арынова А. К. 2016 ж



бет1/4
Дата16.12.2021
өлшемі190,7 Kb.
#101747
  1   2   3   4
Байланысты:
темперамент


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«Бекітемін» АҚТГТК директоры _________Арынова А.К. «____»_________2016 ж.



Әңгімелесу сағаты

Тақырыбы: «Темперамент және оның қасиеттері»



Педагог-психолог: Игибаева А.У.

Алматы, 2016 жыл



Мақсаты: колледж студенттерін темперамент типтерімен таныстыру.

Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру,психологиялық тестілеу, психологиялық жаттығу

Қатысушылар: 1-4 курс аралығындағы топ студенттері

Темперамент деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл-қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грек ғалымдар Гален, Гиппократтың еңбектерінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - шырын (слизь), құрғататын - бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Олар дұрыс араласса адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат болады. Организмдегі сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл-қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет