шифр = 56 34 51 42
-2-
Әрине, бұлай шифрлау – ең қарапайым әдіс. Егер осы әдісті күрделендіретін болсақ, онда алфавиттегі әріптердің орындарын ауыстырып жібереміз. Мұндай шифрлау әдісі симметриялық криптографияға жатады. Яғни шифрлаушы мен керішифрлаушының (керішифрлау – шифрланған ақпаратты қайта қалпына келтіру) қолында алфавиттің жаңа нұсқасы болуы керек. Мұндай шифрларды қолмен керішифрлау қиынға соққанымен, компьютердің көмегімен ауыстырудың барлық нұсқасын тексеру арқылы 1 секундқа жетпей тауып алуына болады.
-1-
Алмастыру шифрымен шифрлау кезінде мәтіннің әрбір символы осы мәтін аумағында белгілі бір ереже бойынша ауыстырылады. Мысалы, ең қарапайым шифрлауды жүргізейік. Ол үшін қазақ алфавитіндегі әріптерді орналасу реті бойынша алмастырайық (2-сурет).
Бұл жерде А = 1, Ә = 2, ... Ю = 41, Я = 42 екенін ескерсек, онда «шифр» сөзі 34 12 29 23 коды арқылы шифрланады.
Енді дәл осы «шифр» сөзін алфавиттің қатар мен баған бойынша шифрымен алмастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |