«Криптология» термині «cryptos» – «құпия» және «logos» – «хабар» деген ұғымдарды білдіретін грек сөзінен шыққан. Криптология екі бөлімге бөлінеді: криптография (шифрлау) және криптоталдау.
Қосымша ақпарат
«Криптография» бөгде адамдардың (қарсыластың) хабарламаны ұрлауы, өшіруі, көруі, т.б. өзгертулерден қорғау үшін хабарламаның түрленуін қарастырады. Криптограф – криптографиямен айналысатын адам. Криптограф хабарды құпиялылығы мен нақтылығы сақталатын әдістермен қамтамасыз етеді (1-сурет).
Криптоталдау – ақпарат кілтін ашу, керішифрлау мәселесімен айналысады. Криптожүйеге сәтті жүргізілген криптоталдау негізінде хабардың бастапқы ашық мәтінімен қатар оның кілтін де ашуға болады.
Криптоталдау шифрланған хабарды немесе кілтті, не екеуін де оқуға мүмкіндік беретін криптожүйенің осал жерлерін іздеумен шұғылданады. Шифрлау алгоритмі, сондай-ақ алуан түрлі кілттердің, ашық және шифрланған мәтіндердің жиынтығы криптожүйе деп аталады.