Криптография негіздері және ақпаратты қорғау



бет26/30
Дата22.08.2020
өлшемі247,71 Kb.
#76423
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
криптография
Документ
«Криптология» термині «cryptos» – «құпия» және «logos» – «хабар» деген ұғымдарды білдіретін грек сөзінен шыққан. Криптология екі бөлімге бөлінеді: криптография (шифрлау) және криптоталдау.

Қосымша ақпарат



«Криптография» бөгде адамдардың (қарсыластың) хабарламаны ұрлауы, өшіруі, көруі, т.б. өзгертулерден қорғау үшін хабарламаның түрленуін қарастырады.
​Криптограф – 
криптографиямен айналысатын адам. Криптограф хабарды құпия­лылығы мен нақтылығы сақталатын әдістермен қамтамасыз етеді (1-сурет).

Криптоталдау – ақпарат кілтін ашу, керішифрлау мәселесімен айналысады. Криптожүйеге сәтті жүргізілген криптоталдау негізінде хабардың бастапқы ашық мәтінімен қатар оның кілтін де ашуға болады.

Криптоталдау шифрланған хабарды немесе кілтті, не екеуін де оқуға мүмкіндік беретін криптожүйенің осал жерлерін іздеумен шұғылданады. Шифрлау алгоритмі, сондай-ақ алуан түрлі кілттердің, ашық және шифрланған мәтіндердің жиынтығы криптожүйе деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет