Қазіргі криптография 4 ірі бөлімнен тұрады:
1. Симметриялық криптожүйе.
2. Ашық кілтті криптожүйе.
3. Электрондық қолтаңба жүйесі.
4. Кілт арқылы басқару.
Тағы да осы тақырып бойынша
Басқа іс-әрекеттер
Шифрлау
Криптографтың ашық мәтінге қолданған амалынан кейінгі нәтижені шифрланған мәтін немесе криптограмма деп атаймыз.
Шифрлау – ашық мәтінді өзара келісілген әдіспен бастапқы қалыпқа келтіретіндей басқа түрге алмастыру. Ашық мәтінді шифрлау үшін криптограф әрқашан құпия кілтті қолданады. Шифрдың бұзып ашуға қарсы тұра алатын қабілетін шифрдың мықтылығы (беріктігі) деп атайды.
Алфавит – ақпараттағы белгілерді кодтауға қолданылатын шектеулі жиын.
Мәтін – алфавит элементтерінің реттелген жиынтығы.
Заманауи ақпараттық жүйелерде криптография әдістері кеңінен қолданылады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық жүйелерде қолданылатын алфавит түрлеріне төмендегілерді мысал етуге болады:
Алфавит 42 Z – қазақ алфавитінің 42 әрпі және бос орын.
Алфавит – орыс алфавитінің 32 әрпі және бос орын.
Алфавит Z256 – ASC-II және КОИ-8.
Бинарлық алфавит Z2 (0,1).
Сегіздік және оналтылық алфавит.
Достарыңызбен бөлісу: |