топырақ өңдеу тәсілдерінің әсері. Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық тіршілік процестері клетка-ға қажетті ылғал жеткілікті мөлшерде болған жағдайда ғана жүреді. Топы-рақта ылғал жеткіліксіз болғанда өсімдік нашар дамып қана қоймай, аз өнім береді. Су-көмір қышқыл газымен қатар өсімдік үшін бірінші құрылыс ма-териалы болып, фотосинтез процесіне, органикалық затты түзетуге қаты-сады. Суда қоректі заттар еріп, топырақ ерітіндісімен өсімдікке жетеді. Ыл-ғал буланғанда көп мөлшерде жылу шығын да болатындықтан, ол топырақ пен өсімдіктің жылу реттегіші ролін де атқарады.
Өсімдіктің ылғалды қажет етуі дамуының бірінші күнінен басталады. Дәннің өсуі тек ылғалды сіңіріп, ісінгеннен кейін ғана басталады. Дәннің ісінуіне көп мөлшерде ылғал керек болмағанымен, дақыл тіршілігінің бұл кезеңінде топырақ ылғалдығына ерекше мән беріледі. Өсімдік өсуінің келесі кезеңдерінде ылғалдың өсімдікке қажеттігі артады. Ылғал бірінші кезекте синтезделетін органикалық заттардың құрамына кіретін химиялық элемент-тің көзі ретінде керек. Су бірнеше биохимиялық процестер жүретін, қорек-тік заттар еріген орта ретінде танымал. Топырақ ылғалдылығы егістік жұ-мыстың (аудара өндеу, дән себу және т.б.) сапасына әсер етеді.
Топыраққа ылғал түсу процесін, оның қозғалысын, топырақтағы шы-ғынын және физикалық қасиетінің өзгеруін топырақтың ылғал режимі деп атайды. Тау етегіндегі ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген, біз тәжірибе жүргізген аймақтағы шалғынды-батпақты аймақтағы ылғалдың негізгі көзі-Сырдария өзенінің суы болып табылады.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының «Жаңажол» ауыл шаруа-шылық серіктестігінің тәжірибе алаңын 2005 жылы жүргізілді. Тәжірибе танабының топырағы орташа сазды, жырту қабатында қарашірік мөлшері 0,9-1,05. Көп жылдық орташа мәліметтер бойынша жылдық жауын-шашын түсімі 314 мм, оның 60 пайызы көктемде, 10 пайызы жазда түседі. Кли-маты- континентальды, тиімді температура жиынтығы шамамен 30000 С.
Зерттеу барысында топырақты негізгі өндеудің төрт тәсілі алынды:
20-22 см тереңдікте аудара өңдеу;