Әр түрлі топырақ өңдеу тәсілдерінің топырақтың 0-100 см қабатындағы ылғал режиміне әсері.
Топырақ өңдеу тәсілдері
|
Себер алдында
|
Гүлдеу кезеңінде
|
Өнім жинар алдында
|
20-22 см аудара өңдеу
|
178
|
148
|
70
|
20-22 см сыдыра өңдеу
|
172
|
126
|
59
|
10-12 см сыдыра өңдеу
|
190
|
116
|
58
|
Өңделмеген жер
|
166
|
126
|
61
|
2-кесте
Топырақ өңдеу тәсілдеріне сай 1ц жүгері өнімінің құралуына жұмсалатын ылғал мөлшері (Қазақстан 587 СВ), 2005 ж, мм
Топырақ өңдеу тәсілі
|
Топырақтың
0-100см қаба- тындағы көктем-гі ылғал қоры
|
Өнімділігі ц/га
|
Жауын-шашын түсімі, мм
|
Өнім жинар алдындағы ылғал қоры, мм
|
20-220см аудара өңдеу
|
178
|
42,4
|
375,1
|
70
|
20-220см сыдыра өңдеу
|
172
|
42,4
|
375,1
|
70
|
20-220см сыдыра өңдеу
|
178
|
42,4
|
375,1
|
59
|
10-12 см сыдыра өңдеу
|
190
|
76,7
|
375,1
|
58
|
Аңызға тікелей себу
|
166
|
85,5
|
375,1
|
61
|
Зерттеу барысында анықталғандай, топырақты жеңіл сыдыра өңдеу те-рең өңделген тәсілдерге қарағанда күзгі-қысқы атмосфералық жауын- ша-шын түсімін үнемдеп, ылғалды 12-18 мм- ге дейін артық жинайды. Жүге-рі гүлдеу кезеңі мен өнімді жинар алдында сыдыра өңдеу тәсілдеріндегі ылғал мөлшерінің азаюын, дақылды ылғалмен қарқынды қамтамасыз ете алатындығының айғағы деп түсінуге болады. Жұмсалған ылғалды есептеу арқылы біздер қай топырақ өңдеу тәсілінің дақылды ылғалмен қаншалықты қамтамасыз ете алатындығын анықтадық (2-кесте).
1 ц өнім құралуына кететін ылғал шығыны 20-22 см аудара өңдеу тә-сілінде 60,1 мм құрады. 20-22 және 10-12 см сыдыра өңдеу тәсілдеріндегі 1 ц өнім құралуына кететін ылғал шығыны 56,0 және 58,4 мм құрап, аудара өң-деумен салыстырғанда 4 мм-ге дейін аз жұмсалатыны байқалды. Аңызға ті-келей себу тәсілінде 1 ц өнім құралуына 65,9 мм ылғал қажет ететіндігі бұл тәсілдің ылғалды пайдалану мен оны сақтау деңгейінің төмендігін аңғар-тады.
3.3 “Жаңа жол” ауыл шаруашылығы серіктестігінің экологиялық жағдайында ауа тәртібін реттеу мен су тәртібінің жүгері өніміне әсері.
Сырдария суына плотина салынып, реттелуіне байланысты Арал теңі-зінің суы азайып, 2,5 млн. гектар жер құрғап қалды, одан жылына 150 млн. т тұз ұшып, маңындағы суармалы егістік пен шабындықты ластап, кейінгі жылдары өңір топырағының тұзын жеті есе арттырды. Мұндай экологиялық жағдайда ауа арқылы ұшып келетін тұз-тозаңдар мөлшерін өсімдіктердің қуат мүмкіншілігін пайдалана отырып Сыр өңірінде жасыл желең (сабақ, жапырақ) жасау арқылы реттеуге болады. Бұл жағдайда ерте көктемнен күз-ге дейін үлкен жапырақ алаңын жасап, қалың сабақты мол көк балауса өні-мін бере алатын және ауадан түсетін тұзды сүзгі сияқты бойына сіңіріп, топырақтың екінші рет тұздануын тежейтін бірден-бір дақыл - жүгері.
Жүгеріден экологиялық таза мол өнім алып, жоғары агроценоз құрау-да оның өсіру технологисын, әсіресе тыңайтқыш енгізу мөлшері мен әдіс-терін, суару режимдері мен топырақтағы ауа тәртібін реттеу тәсілдерін зерт-теудің маңызы зор.
Біздің құнары төмен шалғынды-батпақты күріш ауыспалы егісінде жүргізген топырақты өңдеу тәсілдерінің жүгері өніміне әсерін зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі кестеде көрсетілген. Бұл бағалы дақылдың то-пырақты өңдеуге сезімтал екендігі байқалады.
Жүгерінің дән мен көк балауса құрауы егілген будандарының түрі-не, өсіп-дамуына және пісіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болады. Мәселен, жапырақты өңдегенде оның ауа тәртібінің жақсаруына қарай Южный 3ТВ буданының дән өнімі 63,2 ц-ден 74,2 ц және көк балауса өнімі 515,5-тен 609,6 ц; Қазақстан 587 СВ дән өнімі 78,4-тен 96,1 ц дейін, көк балаусасы 691,7-ден 823,6 ц өнім алынды.Топырақты өңделмеген ба-қылау егісінде будандар түрлеріне қарай 46,3-59,2 ц/га дән және 334,5-532,1 ц/га көк балауса жиналды.
Қорыта келгенде, топырақты өңдеп, оның ауа тәртібін реттеу негізінде жоғары өнімін алуға мүмкіндік тудырды.
3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |