Критериалды бағалау екі түрлі бағалауды қамтиды: қалыптастырушы және жиынтық



Дата14.06.2022
өлшемі18,14 Kb.
#146555
Байланысты:
47-48
алгебра матрица ЖББМ, зоология, баяндама Мамаева

47-билет жауабы
Критериалды бағалау екі түрлі бағалауды қамтиды: қалыптастырушы және жиынтық.
Қалыптастырушы бағалау

  • Оқу үрдісі кезіңде жүргізіледі(шағынөз беттік жұмыс,тест)

  • Оқушыларға қателерін түзетуге, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі

  • Мұғалімге әр оқушының материалды меңгеруі туралы ақпарат жинайды, талдау жүргізіп алдағы жұмысты жоспарлайды, оқу үрдісін сапалы жүргізеді

Жинақтаушы бағалау:



  • Тақырыптың немесе бөлімнің оқытуды аяқтау кезінде жүргізіледі

  • Оқушыларға оқылған тақырып бойынша жетістіктерін көруге мүмкіндік беред

  • Мұғалімге оқушылардың жетістігі туралы қорытынды баға қоюға мүмкіндік береді.

Критериалды бағалаудвң міндетті түрде дескрипторы құрылу қажет. Дескрипторлар оқушылар жетістігінің дәл сипаттамасын және оларған берілетін ұпай санын көрсету керек.

48билет жауабы


1.Математиканы оқыту мектепке тән үш жалпы мақсатты көздейді:
1)Білім беру; 2)Тәрбиелеу; 3)Өмірлік практикалық білім дағды дарыту немесе дамытушылық;
Математиканың даму тарихын төрт кезеңге бөледі:
1.Математиканың тууы. Бұл кезең тарихқа дейінгі өте ерте дәуірден басталып, б.з.д. 4-5ғасырға дейін созылады. Бұл аралықта математикалық білім дағдылар молайып, қорланады, математиканың алғашқы да негізгі ұғымдары (сан, фигура т.б) қалыптасты.
2.Тұрақты шамалар және элементар математика. Б.з.д 6-5 ғасырдан бастап б.з 17 ғасырға дейін созылған. Бұл аралықта тұрақты шамалардың қасиеттеріне зерттеулер ашылады. Арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия ұғымдары дербес салалар болып бөлініп шығады.
3.Айнымалы шамалар және жоғары математика. XVIIғ. Бастап ХІХ ортасына дейін созылған бұл дәуір жоғары математиканың білім негізін қалайтын математика салалары бар.Олар Декарт(1596-1650) еңбектерінде жасалынған аналитикалық геометрия Ньютон (1642-1727) және Лейбниц (1646-1716) негізін құрған дифференциалдық және интегралдық есептеулер, ықтималдықтар теориясы.
4.Қазіргі математика. Бұл дәуір ХІХғ. Ортасынан басталады. Мұнда математика пәні мен қолданылу облыстары мейлінше көбейіп көптеген математикалық жаңа теориялар т.б.
Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:


  1. Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі.



  1. Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі.

3.Математиканы оқытудың нақты әдістемесі.

Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі мектеп математикасының бүкіл курсын қарастырады және оқытудың идеология бағытын, оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігін, оқыту түрлерінің арасындағы байланыстарды, әртүрлі курстардың (алгебра, геометрия, анализ бастамалары) арасындағы сабақтастықтарды оқу процесіндегі тәрбие жұмысы элементтерінің тұтастығын қамтиды. Оқушылар бөлімінің саналығы мен баяндылығы қамтамасыз етеді.

Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі Оқушылардың жасына оқу материалы мазмұнының ерекшеліктерінесәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін қарастырады. Арнайы әдістеме белгілі-бір тақырыпты немесе бағдарламаның бір тарауын оқытудың реті жайында нұсқау береді. Оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді.



Математиканы оқытудың нақты әдістемесі 1) жалпы әдістеменің жеке мәселелері мысалы, математика сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру белгілі-бір сыныптың математика сабақтарын жоспарлау;

2) Арнайы әдістеменің жеке мәселелері мысалы, «үшбұрыштар» тақырыбын оқытуда оқушылардың есептеу шеберліктерін шыңдау қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет