Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері)


-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет32/35
Дата02.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#170792
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
4- СЫНЫП


4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы




1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)


3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы40 минут. Балл саны – 18
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден / сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі – айтылым, үшіншісі – оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.


«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық

бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым


1. Мәтінді тыңдаңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.

Аспанға ұшу - адамдардың ең басты арманы болған. Адамдар аспанда ұшудың әртүрлі жолдарын ойластырған. Ең алдымен әуе шарлары пайда болды. Осыдан 5 ғасыр бұрын италиялық өнертапқыш Леонардо до Винчи аппарат ойлап тапқан. Ол - қазіргі тікұшақтың ата-тегі.


1903 жылы 17 желтоқсанда ағайынды Уилбер мен Орвилл Райттар керосинмен жұмыс істейтін ұшақ шығарды. Осы күн авиацияның туған күні болып есептеледі. Кейіннен ұшақ, тікұшақ пайда болды.
Ғарышқа алғаш рет Лайка, Белка, Стрелка атты иттер ұшты. Оларға арнайы киімдер тігілді. Көп жаттығулар жүргізілді. Олар жерге аман-есен оралғаннан кейін ғалымдар ғарышқа адамдардың да ұша алатынын білді.

Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді?


А) Аспанға ұшу жолдары
В) Леонардо до Винчи
С) Ұшқыш иттер
D) Ағайынды Райттар

Ғарышқа иттерді неліктен ұшырып көрді?


----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.


Ғарышқа алғаш рет ұшқан иттерге----------------------------------------------- тігілді.


Италиялық өнертапқыш Леонардо до Винчи -------------------------- ойлап тапқан.
Адамдардың ең басты арманы --------------------------------------------------- болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет