Электр заряды – бөлшектер мен денелердің сыртқы электромагниттік өріспен өзара әсерін, сондай-ақ олардың электрмагниттік өрістерінің өзара байланысын анықтайтын негізгі сипаттамалардың бірі.
Грекше янтарьды электрон деп атайды;
осы сөзден барып «электр» деген айту пайда болған.
Денелердің электрленуі денеде электр немесе электр заряды пайда болуынан деп түсіндірілді.
Тәжірибе электрленген денелер бірін-бірі тартатын немесе бірін-бірі тебетінін көрсетеді. Осындай тэжірибелердің негізіне сүйене отырып, табиғатта зарядттардың екі түрі болады деген қорытынды жасалған. Бұл заттардың біреулері шартты түрде оң деп, ал екіншісі теріс заряд деп аталды. Мысалы, оң заряд шыныда пайда болса, ал теріс заряд жүнге эбонитті немесе янтарьды үйкегенде пайда болды.
Электрленген денелердің өзара әсерлерін бақылау арқылы мынау тағайындалды: бір аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады.
Тәжірибе жүзінде электр зарядттарының мынадай қасиеттері болатындығы анықталды:
электр зарядтарының екі түрі болады, оларды шартты түрде оң және теріс деп атайды;
электр заряды аддитативті, былайша айтқанда кез-келген дене (немесе бөлшек) жүйесінің заряды осы жүйеге кіретін денелердің (немесе белшектердің) зарядтарының қосындысына тең;
барлық электр зарядтары электронның (протонның) зарядына еселі;
жекеленген жүйенің зарядтарының қосындысы тұрақты болып қалады:
q1+ q2 + . . . + qn =const Сыртқы ортамен зарядтары - алмаспайтын жүйені изоляцияланған деп атайды.
Кез-келген заттың молекулалардан, молекулалардың атомдардан тұратыны бәрімізге белгілі, ал сол атомдардың өздері олардан да кіші бөлшектерден теріс зарядтары бар электрондардан, оң зарядтары бар протондардан, зарядтары жоқ бейтарап нейтрондардан тұрады. Протондар мен нейтрондар атом ядросыньщ құрамына кіреді. Тек бұл ережеге бағынбайтын сутегі атомы. Оның ядросы бір ғана протоннан тұрады.
Табиғатта кездесетін зарядтардың ең аз шамасы электрон мен протонға жатады, сондықтан оларды элементар бөлшектер деп атайды. Тәжірибелердің көрсетуіне қарағанда, қандай да болмасын электр зарядтары, барлық уақытта да, электронның зарядына еселі больш келеді. Әрбір элементар бөлшектердің анти бөлшектері болады, мысалы, электронның анти бөлшегі- позитрон, протондікі - антипротон. Демек, протон мен позитронның зарядтары оң да, электрон мен антипротонның зарядтары теріс.
Халықаралық жүйеде (СИ) заряд кулонмен (кл) өлшенеді. Элементар зарядтың шамасы е = 1,6*10-19Кл
Ең аз тыныштық массасы бар зарядты бөлшек – электрон, оның тыныштық массасы me = 9,1 • 10-31 кг, ал оң элементар бөлшек - протон оның тыныштық массасы mp= 1,67 • 10 -27 кг .
Денеде электр зарядтарының бар жоғын анықтайтын құрал электрометр деп аталады.
Физикалық диктант 1.Зарядтың ............ түрі бар. Олар ....... және ....... зарядтар деп аталады.
2.Электрленуді байқауға арналған аспап ........................ деп аталады.
3.Электр зарядтарын өткізу қабілетіне қарай .............. және ................. болып бөлінеді.
4.Атом оң зарядты .................. және теріс зарядты ..................... тұрады.
5.Атомда тұтас алғанда заряд болмайды, яғни ол ............................... .
Бақылау сұрақтары:
Оттегі атомының ядросын 8 электрон айналады. Оттегі атомының ядросында неше протон бар?
Атомның құрылысы қандай және оның қандай бөлігі оң, қай бөлігі теріс зарядталған?