Пән: Сауат ашу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тыңдалым және айтылым
Сынып: 1 «Г»
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру;
1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратып сөйлем құрастыру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық білім алушылар: әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрастырады.
Көптеген білім алушылар: мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Көп мағыналы сөздерді тауып, сөйлем құрастырады.
Кейбір білім алушылар: Көп мағыналы сөздерге басқа да мысалдар келтіріп, сөйлем құрайды.
|
Бағалау критерийлері
|
Дыбыстарды ажыратып, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасайды.
Мәтін бойынша сұрақ қояды.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Көп мағыналы сөздерді ажыратып, сол сөздерге сөйлем құрастырады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
білім алушыларды бір-біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
математика, дүниетану
|
Бастапқы білім
|
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Оқушыларды суреттер 4 топқа бөлу.
1-топ «Жүрек»
2-топ «Жұлдыз»
3-топ «Жапырақ»
4-топ «Жүзім»
Не себепті бұл суреттерді таңдағанын сұрау
|
Суреттер
|
3 минут
|
«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша өткен сабаққа шолу жасау
Әріп деген не?
Дыбыс деген не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- Сөйлем деген не?
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал айтыңдар.
- Құрамында «Ж» дыбысы бар сөз айт?
|
|