Оба ауруында киетін киімді шешу тәртібі.
Жұмыс соңында оба ауруына киетін киімді шешіп зарарсыздандырады. Орнатылған қатаң тәртіпке байланысты киімнің әр бөлігін асықпай шешеді, шешкенде зараланған жағын ішке қарай қаратып шешеді. Киімнің шешілген әр біреуі түгелдей ыдыстағы(бак) зарасыздандыру ертіндісіне толық малынады(5% лизол ертіндісі, корбол қышқылы немесе хлорамин), немесе киімді бикске салып автоклавпен зарарсызданады, диз камераға жіберу үшін камералы қапқа салынады. Бикстермен камералы қаптардың сыртқы дез.ертінділермен жуылады. Киімді шешер алдында сыртын дез.ертіндімен сүртеді ал қолғапты шешпей, қолды 1 – 3 минут дез.ертіндімен жуу керек. Киімнің әр бөлігін шешкенде қолдағы қолғапты дез.ертіндіге салу керек. Ал жапқыш пен жең қапты мақтамен жоғарыда айтылған ертінділермен жуып тазалау керек. Етік немесе галошты жоғарыдан төмен қарай мақтамен бөлек-бөлек сүртеді.
Сүлгіні қырындап, қатты тартпай алып дез.ертіндіге саламыз.
Ендігі кезекте кленка алжапқышты шешіп оны сыртқы жағына қарай ораймыз және екінші жұп қолғаптыда шешеміз.
Көзілдірік шешкенде ішкі жағына қол тигізбейміз, екі қолмен алға тартамыз сонан кейін жоғары және артқа тартып шешіледі де 70% спиртке 20 минут салынады.
Фонедоскопты шешкенде ашық жерге тиіп кетпей, оныда 70% спиртке 20 мин саламыз.
Мақта дәкелі бет пердені шешкенде ерекше сақ болу керек. Оның сыртқы жағын бетіне тигізбей, сыртына байлағышымен қарай орап шешіледі.
Халатты шешкенде жағасындағы, беліндегі байлағыштарды шешіп, қолғап жоғарғы жағын төмен түсіріп жеңін байлағышпен шешеді (халатты сыртына қарай айналдырып шешеді).
Орамалды әр шетінен түтікшелеп орап желкеге бір қолға жинайды.
Ендігі жерде қолғапты жайлап шешеді, оның бүтіндігін тексеріп, ішіне дез.ертіндіге кіргізіп шешеді.
Етікті дез ертіндісімен жуып(бак), таза бөлмеде шешу керек.
Киімді шешкеннен соң қолды сабынды сумен жуу керек.
Жұмыстан кейін жуыну керек.
-16-
Достарыңызбен бөлісу: |