Ішек құрты жұмыртқасына нәжісті зерттеуге
Әзірлеңіз: аузы кең, таза, құрғақ, шыны ыдысты, ағаш немесе щыны таяқша, ағаш шпатель, жолдама
Ішек құрты жұмыртқасына нәжісті зерттеуге жолдама үлгісі
-
Жолдама
Клиникалық лабораторияға
Ішек құрты жұмыртқасына нәжісті зерттеу
Науқастың аты-жөні_____________
Бөлімше_______палата №
Күні_______
Қолы_________
|
Алгоритм іс-әрекеттері:
1. Науқасқа зерттеудің мақсатын, нәжісті жинау ретін, зертеу қарсаңында кешкісін айтып түсіндіріңіз: « Сіз үлкен дәретке отырғаннан кейін бірден таяқшаны алып нәжістің әр жерінен 3-5 гр нәжіс алып, мына ыдысқа саласыз, нәжіске су, зәр араласып кетпеуін қадағалайсыз.Содан соң ыдыстың қақпағын жауып, санитарлық бөлменің еденінде тұрған арнайы қорапқа қалдырасыз ».
2. Зерттеу қарсаңында науқасқа жолдама жапсырылған ыдысты беріңіз.
3. Жиналған нәжісті жылы күйінде 15-20 минут ішінде кешіктірмей клиникалық лабораторияға жеткізіңіз.
4. Алынған анализ нәтижесін науқастың ауру тарихына желімдеңіз.
Ескерту:
1. Процедураны қолғапты киіп өткізу керек.
2. Клизманы, балауызды қойғаннан кейін, темір, бария, висмут дәрілерін қолданғаннан кейін, асқазанды рентген зерттеуден өткізгеннен кейін нәжіске зерттеу өткізілмейді.
3. Таяқшаны немесе ағаш шпательді өртеп жібересіз.
-62-
Достарыңызбен бөлісу: |