СТАНДАРТ
Нәжісті жасырын қанға зерттеу
Мақсаты: диагностикалық
Әзірлеңіз: тығыны бар пенициллиннен босаған флаконды, ағаш немесе шыны таяқшаны, жолдаманы.
Нәжісті жасырын қанға зерттеуге жолдама үлгісі
-
Жолдама
Клиникалық лабораторияға
Нәжісті жасырын қанға
Науқастың аты-жөні_____________
Бөлімше_______палата №
Күні_______
Қолы_________
|
Алгоритм іс-әрекеттері:
1.Науқасқа зерттеудің мақсатын, нәжісті жинау ретін айтып түсіндіріңіз: яғни науқас үш күн бойы зерттеу алдында:
а) ет, балық, жұмыртқа, помидор, көкөніс жеуге болмайды.
б) құрамында иоды, темір бромы бар дәрілерді қабылдамайды.
с) тісті тазалауға болмайды, тек ас содасымен шаю керек.
2. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
3. Масканы, қолғапты киіңіз.
4. Төртінші күн науқасқа дәрет ыдысын беріңіз.
5. Шыны немесе ағаш таяқшамен нәжістің әр жерінен 5-10 гр алып, құрғақ флаконға салып аузын жабасыз.
6. Қолғапты шешіп, залалсыздандырыңыз.
7. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
8.Алынған анализ нәтижесін науқастың ауру тарихына желімдеңіз.
-60
Достарыңызбен бөлісу: |