Кудиярова С. С қызылорда 2011 ж



бет1/79
Дата15.02.2022
өлшемі393,5 Kb.
#131926
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Жұқпалы аурулар Стандарттары


Қызылорда медицина колледжі


Жұқпалы аурулар пәні бойынша


стандарттар жинағы

Дайындаған: Кудиярова С. С




Қызылорда 2011 ж

С Т А Н Д А Р Т




ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІК ЕНГІЗУ.


Көрсетулер : метеоризм .


Қарсы көрсетулер:

  1. тік ішек аймағындағы тілінулер;

  2. тоқ ішек немесе тік ішек тесігі аймағындағы жіті қабыну немесе ойылу процестері;

  3. тік ішектің қатерлі ісіктері.



Жабдықталуы: ұзындығы 40 см, диаметрі 15мм резеңке түтік , сыртқы
соңғы сәл кеңейген, залалсыздандырылған вазелин майы, дәрет
ыдысы, клеенка.
Тік ішекке енгізу тереңдігі: 20-30 см.


ІС -ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ:

1) астына клеенка салып, науқасты шалқасынан жатқызыңыз;


2) аяқтарының арасына дәрет ыдысын қойыңыз (ішіне шамалы су
құйыңыз);
3) түтіктің дөңгелек жағына вазелин жағыңыз;
4)тік ішекке түтікті 20-30см енгізіңіз (түтіктің соңын дәрет ыдысына
салыңыз);
5) бір сағаттан соң түтікті шығарыңыз, салфеткамен сүртіңіз ;
6) манипуляциядан кейін түтік өңдеуін жүргізіңіз.
ЕСКЕРТУ! Түтікті 1 сағаттан ұзақ ұстауға болмайды, өйткені шырышты қабықта ойылулар пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет