Негізгі хлор ерітінділерінің дайындалуы: 1 кг құрғақ хлорды 10 литр суға ерітіп, ағаш күрекшемен араластырып , бір тәулік бойы қоспаны тұндырып қою керек. Содан соң, бұл ерітіндіні түсі қоңыр шыныдан жасалған ыдысқа құйып, таңбаланады. (ерітінділер атауы, даярлау мерзімі ). Бұл ерітінді 10% жарықталған немесе негізгі хлор ерітіндісі деп аталады. Сақтау мерзімі жеті күн.
Күнделікті қолданылатын хлор ерітінділерінің дайындалуы : -негізгі 0,5% -500 мл 10% хлор ерітіндісіне +9,5 л су;
-негізгі 1% -1000мл10 % хлор ерітіндісіне +9 л су
-негізгі 2% -2000мл 10% хлор ерітіндісіне +8 л су қосу арқылы жасалынады.
Бұл ерітінділер қазір қолданылмайды.
Хлорамин ерітінділерінің дайындалуы: Хлорамин ерітінділері туралы пайдалану алдында жасалынады:
1% - 10 г. хлораминге +990 мл су ;
3% -30 г. хлораминге +970 мл су;
5% -50 г. хлораминге +950 мл су қосады.
Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолы жетпейтін орнында сақтайды. Дезинфекциялық ерітінді шырышқа немесе теріге тисе,ағын сумен тез жуу қажет:
-жұқпалы препараттар немесе жаралы бет, қанмен байланысты болмайтын барлық өнімдер залалсыздандырылуы тиіс;
-инфекция жұққан науқастқа оперативті манипуляциялар немесе операциялар жасағанда қолданылатын өнімдер алдын- ала залалсыздандырылған алдында дезинфекцияланады;
-НВs антиген жұқтырушы, сонымен қатар гепатит в немесе вирусты гипатитпен ауырған адамдарға операция, егу жасаудан кейін медициналық тағайындалған өнімдер де дезинфекцияланады;
-дезинфекция көрсетілген әдістерінің бірімен жүзеге асырылуы тиіс.
ЕСКЕРТУ : Қайнату уақыты қайнай бастағанымен есептелінеді. Дезинфекциялық ерітінділердің температурасы 18º С –тан төмен болмауы тиіс. Дезинфекцияны өткізгеннен кейін медициналық тағайындалған өнімдер 8-01-01-03 санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес алдын- ала залалсыздандырылады.
-4-