Мейірбике деонтологиясы - бұл мейірбикенің пациент алдындағы және оның туыстары алдындағы парызы жөніндегі ғылым, бұл мейірбикенің кәсіби болмысы және мейірбике этикасының бір түрі.
Мейірбике пациент алдында, оның туыстары алдында және түгелдей мемлекет алдында толығымен жауапкершілікте болады.
Мейірбике пациенттің психологиялық, физиологиялық жағдайының ұсақ түйек өзгешеліктеріне дейін мейірімді бағалап, есте сақтап, тани білуі керек және оны кәсіби барлай алатындай қабілетті болуы мумкин.
Ол өзінің эмоциясын игере біліп, эмоциялық тұрақтылығын тәрбиелей отыра оны басқара білуі керек.