Қанды бактериологиялық зерттеуге алудың алгоритмі. 1.Әдістемедегі көрсетілгендерге байланысты қол әрекетіне қажетті заттарды дайындау.
2.Сырқатқа зерттеудің мақсатын түсіндіру.
3.Сырқатты отырғызып немесе жотасына жатқызу керек.
4.Сырқат дұрыстап қолын созуы керек.
5.Сырқаттың шынтағының астына жастықша қою керек.
6. Иықтың ортасына бұрау байлау.
7.Сырқаттың қолының саусақтарын қимылдатуын өтіну керек.
8.Сырқаттан жұдырығын түйіп отыруды сұрау.
9.Шынтақ қан тамырын 2 рет спіртпен сүрту керек.
10.Көк тамырға ине салу керек.
11.Пісекке қанды (1:10 мөлшеріндей) сорып алу.
12.Бұрауды шешу.
13.Инені шығару.
14.Ине салған жерді спіртке малынған мақта анжысымен басу керек
15.Пісекті инесімен дәке кесіндісі бар ыдысқа саламыз(лоток)
16.Қоректік ортасы бар шыны ыдыстың қағаз тығынын алып дәке кесіндісінің үстіне қоямыз.
17.Спірт шамынжағу.
18.Қоректік ортасы бар ыдыстың мойнын спірт шамына ұстау.
19. Пісектен инені шығарып, қанды жайлап қоректік ортасы бар ыдысқа құяды.
20.Қоректік ортасы бар ыдыстың мойнын күйдіру.
21.Ыдыстың тығынын куйдіру.
22. Ыдысты тығынмен жабу.
23.Ыдысқа жолдама жапсыру.
24.Қолданылған пісек-шприц, ине, мақта анжысын зарарсыздандыру.