Әзірле: лоток, мақта шаригі, 70º этил спирті, пинцет, инсулинді
шприц инесімен, инсулині бар флакон.
Алгоритм әрекеті: Инсулиннің концентрациясына қарай шприцтің бір бөлімінде неше инсулин бар екенін санаңыз.
Инсулин флаконын жұмысқа әзірлеңіз (флаконды алақанда бірнеше рет әрі-бері қозғап, инсулинді жақсылап араластырып резеңке тығынды спиртпен тазалаңыз).
Шприцтің поршенін кері тартып ауа сорыңыз.
Ауаның мөлшері тағайындалған инсулин мөлшеріне сай болуы керек.
Иненің қалпағын алып инсулині бар флаконға енгізіңіз.
Шприцтің поршенін итеріп ауаны флаконға енгізіңіз, флаконға енген ауа инсулиннің шприцке тез сорылуына жағдай жасайды.
Сол қолмен флаконды және шприцті жоғары көтеріңіз.Иненің ұшы инсулинде тұрғанын тексеріңіз. Оң қолымен ақырын поршенді кері тартып және шприцке инсулинді тағайындалған мөлшерден 4 Б артық сорыңыз.
Флаконнан инені шығарып алыңыз, ауаны шығарып шприцте инсулин тағайындалған мөлшерін қалдырыңыз.
Спиртке малынған мақта шаригімен ине егілетін орынды тазалаңыз.
10.Инсулинді пациенттің тері астына егіңіз ( көп мөлшерде
болса бұлшық етке егіңіз).
11.Шприц пен инені контейнерге салыңыз, қолданылған
мақта шаригін залалсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа
салыңыз.
Ескерту: инсулиннің әрбір түрін әр шприцке сорыңыз және
бөлек енгізіңіз.