Кульниязов Ержан Салаватович Батыс-Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Новопавлов жоббм қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Дата 26.06.2018 өлшемі 4,15 Mb. #44857
Батыр Баян Поэмасы «Батырлық дегеніміз- жан дүниенің ұлы қасиеті” Келмесе, қандыбалақ Батыр Баян, Баянсыз қанатымды қалай жаям? Абылай (поэмадан үзінді) Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы тарихи оқиғаларды зерттеу арқылы Баян,Абылай,Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу Проблемалық сұрақ: Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі? Жауабы: ХҮІІІ ғасыр қазақ халқының қиын – қыстау заманы болды. Жоңғар шапқыншылығы елді қатты күйзіліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы да қасиретті “ Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама” оқиғасы елдің еңсесіне батты. Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. 1.Шығарманың композициясы: Ноян да сол сұлуға-тәтті балдай Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай Мас болып, дене түгіл, жаны елжіреп Жұтқандай сол сәулені демін алмай Жас Ноян қызды көріп от боп кетті Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті Жас Баян жауды талай көрген еді, Сорғалап сұңқардайын төнген еді. Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап Сан қолға аш бөрідей кірген еді . 1. Баянның інісін өлтіруіне не себепкер болды? Ноянның сатқындығы ма, әлде қалмақ қызына деген өзінің махаббаты ма? 2. Мағжан Жұмабаев өз поэмасында неге Баянға Ноянды өлтіртті? Ақын осы арқылы не көрсеткісі келді? Не себептен Мағжан Жұмабаев өзінің поэмасында Баяның қолымен інісі- Ноянды (Қыстаубай) өлтіреді? Батыр Баянның інісін өлтіруі дұрыс па ? Бұрыс па ? RAFT Роль - Қалмақ қызы Аудитория - Баян Форма - хат Тақырып – кешірім Ауқымды сұрақтар 1.Егер сіз Баянның орнында болсаңыз , не істейсіз? 2. Поэмада Баяннан кеткен қателік? 3.Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді? 4.Шығармадағы ар-намыс мәселесі қалай көрініс табады? Шығарма кейіпкеріне 5 жолды өлең 1. Кім? Зат ісім 1 сөз. 2.Қандай? Сын есім 2 сөз. 3.Не істеді етістік 3 сөз. 4. Сөз тіркесі 4 сөз. 5. Синоним 1 сөз. Үй тапсырмасы: 1.Поэмадан өз қалауың бойынша үзінді жаттау. 2. Кейіпкерлерге толық мінездеме жазу Достарыңызбен бөлісу: