74
жұмбақ рухтар, т.б
. Мысалы, «
Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір
болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде
он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. – Енді жаяу
бәйгеден озып келгенге беремін, – дейді. Жаяу бәйгеге ханның елінен бір
жүйрік мыстан кемпір шығады. Мыстан кемпір қолына екі шыны [ұйқы
дәрісін] ұстап шығады да, жолда желаяққа ішкізіп [ұйықтатады да], өзі
жүгіріп кетеді»[95] («Күн астындағы Күнікей қыз»
ертегісі
).
«Жұрттың ең соңынан, кедейліктен әбден сіңірі шыққан, мойны
ырғайдай, биті торғайдай, өмірінде қарны тойып ас ішіп, қабағы ашылып киім
кимеген, ерні кезерген бір тазша бала келіпті. ... Хан сарайына кіріп, ханның
алдына келіп, алдиярлап бас иіп, тізе бүгеді
» («
Қырық өтірік
» ертегісі). Ертегі
дискурсының дискурстық тәжірибесінде ылғи да кедей немесе жетім бала
ақылды болып ұшырасады.
Жоғарыда аталған мәдени маркерлер
прецеденттілік принципімен
дискурстан дискурсқа өтіп, түрлі мазмұндағы мәтіндерде кездесетінін байқауға
болады. Ондай маркерлерге ертегілік кейіпкерлерді де жатқызуға болады. Олар
сондай қарабайыр, аңқау жандар болса, әрі өте тапқыр, сөздері өткір, үнемі өз
рухын сақтайтын тар жерде, қысылтаяңда жол табатын,
әлсізге көмектесіп,
күштіден есе қайтаратын қу адамдар. Айталық, қазақ халқында Алдар Көсе,
Қожанасыр сияқты кейіпкерлер болса, араб халқында Джуха деген кейіпкер
болады. Бұлардың есімі сонау ерте дәуірден басталып,
қазіргі қоғамдық
жағдайға байланысты түрлі тақырыптағы анекдоттарда кездеседі. Ондай
кейіпкер қай кезде де халыққа жақсы көңіл-күй сыйлап күлдіріп жүретін,
сонымен қатар айтылған сөзінің астарында мән жататын болып келеді. Осы
айтылғандарды ескере келе, былайша тұжырым жасауға болар еді: әр заманның
өзіне сай кейіпкер бейнесі бола тұра, оның басты, маңызды белгілері ғасырдан
ғасырға, қоғамнан қоғамға өтуде алмасып, қай уақыт болмасын негізгі
адамгершілік құндылықтар мен араб халқының моральдық-этикалық
құндылықтарын бойына сіңірген халық батырының біртұтас идеясын көрсетуге
қызмет жасайды. Ол өз ел-жұртының
абыройы мен беделін қорғайды,
әлсіздерге көмек береді, ақымақтық пен надандық, әділетсіздік пен жайсыз
жағдайлардан бойын алыс ұстайды. Осындай қасиеттерімен бірге ол тапқыр,
көңілді, ойы ұшқыр, өмірді шексіз сүйеді және ешқашан жабырқамайды. Ертегі
дискурсындағы осы тәріздес лингвомәдени
талдаулар қайсыбір ұғым-
түсініктерді анықтауға, қайсыбір бейнелерді барынша анық етіп көрсетуге
мүмкіндік береді, бұл халықтар мен олардың мәдениеті арасындағы өзара
түсіністікке жол ашады.
Кәсіп немесе еңбек атаулары
: «аңшылық», «балық аулау», «ұста»,
«тігінші», «малшы», «сиқыршы», «егінші», т.б.
Ертегіде кездесетін бұндай
мамандық түрлерінен белгілі бір халықтың тұрмыс
-
тіршілігін, өмір сүру
салтын анық көруге болады. Қазақ ертегі дискурсында малшы, аңшы түрінде
кездессе, орыс ертегісінде балықшы, араб ертегілерінде саудагер, тігінші, т.б.
кәсіп түрлері аталады.
Достарыңызбен бөлісу: