Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет43/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

Через сколько-то времени вздумал солдат об своей родной стороне, захотел 
туда побывать; королевна стала его отговаривать:– Оставайся, друг, не 
езди; чего тебе здесь не хватает? Нет, не могла отговорить
» [96] 
(«Заколдованная королевна» ертегісі). Бұл мысалда сұлулық ханшайымының 
өзі батырдың туған жеріне деген ойын өзгерте алмауы көрінеді. Арабтың
«ِ
ي ِر ْحَبلا داَبِدْنِ سلا» - «Синдбад теңізші» ертегісінде басты кейіпкер саяхатшы 
Синдбадтың қанша жерді аралап, қанша қызықпен қиындық аралас байлықты 
көрсе де, туған жері Бағдатқа қайтуға асығуынан, туған жеріне жету жолында 
байлығын таратуынан оның туған жерден асқан жұмақ жоқтығын көруге 
болады.
ا ًرو ص ق ِ تْي َرَتْشا َو ،اًمِلاَس يِتَد ْوَعِب َِني ِح ِرَف يِلْهَأ يِنَيِقَل ِ ثْيَح « َِداَدْغَب»ىَلِإ « ِِة َرْصَب»َِنِم اَنْبَهَذ َِّم ث 
ِ
ِءا َرَق فْلا ىَلَع ، تْقَّدَصَت َو« َِداَدْغَب »ِِءاَيِنْغَأ رَبْكَأ ن ِم ِْ ِ تْحَبْصَأ َو ْْ اًناَمْلِغ َو، َني ِريِثَك اًديِبَع َو ًِةَمْخَف 
ِِلاَبْلا ِ ةَحا َر يِنْتَسْنَأ َو ، ِرْحَبْلا لا َوْهَأ َو ِِرَفَّسلا ِْ ِِتاَّقَشَم نَع اًديِعَب ْْ يِدَلَب يِف ِِةَماَقِ ْلإا ىَلَع ِ تْم َزَع َو ،ِنيِكاَسَمْلا َو 

ِْه ْلأا َو
لا َو
ِ
ِبِعاَتَمْلا َِنِم ِ ه تْيَساَق اَم[106]. 
Профессор Б. Қалиев зерттеу еңбегінде: «Тілдік таңбалардың сыртқы 
формасы, ішкі мазмұны және оның тыңдаушыға ықпал жасайтын, әсер ететін 
күші болады. Сөйлеуші тілдің осы қасиеттерін пайдалана отырып, оны өз 
мақсатына орай жұмсайды. Өйткені ешбір сөз мақсатсыз қолданылмайды. Өз 
мақсатына жету үшін сөйлеуші тілді қолдану арқылы тыңдаушыға әсер етіп, 
оны іске, әрекетке итермелейді. Сөйтіп ойын іске асырады» деп жазады [125, 
200]. Осы тұжырымға ертегі дискурсынан мысал келтірер болсақ: 
«...Әкем 
маған жылқыдан Шалқұйрық атты берсін, жасаудан Ақсырмалы сауытты 
берсін, түйеден Құба інгенді берсін», - дейді. «Шалқұйрық атты сұрағаны 
несі? Шалқұйрық - жылқымның құты, құтқа қыз ие болған жер бар ма екен? 
Құба інген - түйемнің басы, түйемнің басын сұрағаны несі, қызда ондай түйе 
артқан бар ма екен? Ақсырмалы сауыт — атадан ұлға қалатын мұра, мені 


83 
қызым қу бас дегені ме? Қызым өйтіп жаулығын білдірмесін», - 
дейді. Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты: «Шалқұйрықты сұрағаным, ерге 
лайық ат еді, ер мінсін деп едім, Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп 
едім, Ақсырмалы сауытты сұрағаным, Ер Төстік ер еді, сол ер кисін деп едім», 
- депті. «Әкесі Кенжекейдің сөзінен жеңіліп, сұрағандарын беріпті».
Кенжекей 
мен әкесінің арасындағы сөйлесімнің имплицитті түрде өткеніне қарамастан
ертегіні тыңдаушы тұлға бұл сөздерден «малдың құты», «ер балаға қалатын 
мұра» туралы хабары болса, аталған дүниелерді әкенің қызға қимауының 
себебін түсінеді. Екіншіден, Кенжекей өз мақсатына тілді дұрыс таңдап 
қолдану арқылы жетіп тұр. Қазақтың «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген мақалы 
осындай ойды аңғартса керек.
Қазақы тұрмыста ер адамның рөлі әйелден үнемі жоғарыда тұрады. Ел 
ішіндегі жағдайдың барлығы дерлік түгелдей ерлердің шешімімен ғана жүзеге 
асқан. Сол себепті де ондай шаруа жайына келгенде әйел адам қатыспайды. 
Мысалы, 
Кенжекей қайын атасына кісі салып: "Атам бұл құдыққа қонбасын, 
ырымы жаман жер", - деп хабар айтқызады. "Келінім келмей жатып, менің 
қонысымды билейін деген екен", - деп Ерназар айтқанынан қайтпайды

«
Қонысымды билейін деген екен» 
деуінде келіндік ибаны сақтау салтын бұзуға 
жол бермегендігінің бір көрінісі, алайда, жас келін ақылдылық танытып көш-
жөнекей атасын қонақ қылады. «
Көш қонысымен, Кенжекей басқа келіндерінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет