Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет51/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

- Оған разы болмасаң, Тоғай толған қойым бар. Қанша алатын ойың бар? 
- Жоқ, - деп кемпір онан сайын қысады, Ерназардың жаны шығып барады. 
- Оған разы болмасаң, Желі толған түйем бар. Соған бер мені, шешетай! - Қоя 
бер мені, шешетай! - дейді. 
- Жоқ,- деп кемпір қысып қояды. Ерназардың жаны шығып барады. 
- Оған разы болмасаң, өріс толған жылқым бар, - Не аяйтын сиқым бар? О да 
болсын сенікі, Бір әділ жан менікі, жіберші мені, шешеке! - дейді. 
- Жоқ, - деп кемпір онан сайын қысады. Ерназардың жаны шығып барады. 
Оған разы болмасаң, сойылдай сегіз ұлым бар, - Менде қандай құның бар? О да 
болсын сенікі. Бір әділ жан менікі. Жібере көр, шешеке! - дейді. 
- Жоқ, - деп кемпір қысыңқырап жібергенде, Ерназардың жаны мұрнының 
ұшына келеді, өлуге аз-ақ қалады. 
Оған разы болмасаң, Атамасым атайын, Сегізінен бір бөлек, Жалғызымда 
қуат боп, Жіберші мені, шешеке! -дегенде, кемпірдің қолы босанып сала 
береді» 
(«Ер Төстік» ертегісі), 
«Бала қарғаға: 
— Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме 
хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, – дейді» 
(«Ер 
Төстік» ертегісі);
өкіну: 
«Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, 
ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, 
бәйтеректің түбін қаза береді»
(«Алтын сақа» ертегісі),
 «Ерназар сасыңқырап 
қалып, қорбаңдап, өп-өтірік кісесін қараған болады да: "Қап, әттеген-ай, 
қалып қойған екен. Түнеугі Сорқұдықтың басында Құба інгенді іздеп барғанда, 
бір талдың түбіне түсіп қалған екен ғой",- дейді» 
(«Ер Төстік» ертегісі);
Ертегі дискурсының қарым-қатынас стратегиясында қаратпа сөздер 
сөйлеушінің өз діттемін іске асыру мақсатында жұмсалады. Мысалы,
«- Шырағым, шаршадың ғой. Деміңді алып ұйықта, жарысарда өзім оятамын, 
- деп оны алдап ұйықтатып тастайды» 
(«Ер Төстік» ертегісі),
« - Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам - 
отыра алмаймын, – дейді»
(«Алтын сақа» ертегісі), «– Қонсам қонайын, 


93 
өркенің өссін, шырағым-ай! – деп, Жандыбатырдың үйіне келеді» («Ұшар 
ханның баласы» ертегісі). 
Ертегі дискурсындағы сөйлеуші де, тыңдаушы да немесе адресант пен 
адресат та – белгілі бір әлеуметтік жіктің өкілдері. Адамның дағдылы іс-әрекеті 
немесе әлеуметтік әдебі, оның ішінде сөз әдебі, сол әлеуметтік қоғамға, ортаға 
лайық болады. Қатынасқа қатысушылардың жас ерекшелігі, жынысы, мекені, 
кәсібі, жұмысы, отбасындағы орны оның әлеуметтік белгілері болып табылады. 
Ертегі дискурсының қарым-қатынас стратегиясына қатысушы адам өзінің 
әлеуметтік белгілеріне қарай, рөліне қарай сөйлейді. Қазақ ертегі дискурсында 
әлеуметтік рөлдер бай мен кедей, хан мен уәзір, патша мен батыр, батыр мен 
мыстан т.б. төңірегінде көрінеді. Мысалы, 
«Ертемен жалғыз ала сиырын 
ыңыршақтап Мергенбай қосын артып, аттануға бет қояды. Сол мезет бай 
шығып: 
— Ей, құл, үйіңе жапқан құрымды қалдыр, кейінгі құлға керек-ті, – деп 
ақырыпты. Құлдың көші әудем жерге барғанда бай: 
— Мергенім еңбегің көп сіңіп еді кейін келіп ала байталдың құлынын ал, – деп 
енесі жеріп емізбей іргеде өлгелі жатқан құлынды көрсетіпті»
(«Пиғылсыз 
байдың сазайы» ертегісі), 
«- Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік. 
Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап 
қалды. Таң алдында бие бір алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет