87
көруге болады. Ертегі дискурсындағы осы мәнмәтіннен Ерназардың сегіз
ұлының беделді адамдар екенін және табақ тартудың қонақ күту, оны қарсы
алу, сыйлау тағы басқа дәстүрлі әдептерді аңғаруға болады. Қазақ ертегі
дискурсында қарым-қатынас стратегиясындағы
ұлттық мәдениет пен салт-
дәстүрдің көрінісін төмендегі мысалдан көруге болады:
«Көш қонысымен,
Кенжекей басқа келіндерінен үйді бұрын тігіп жібереді де, атасын қонақ
қылады»
(«Ер Төстік» ертегісі). Берілген мысалдан қазақ танымындағы қонақ
күту,
қонақты сыйлау, атап айтқанда, келіннің қайын атасын сыйлау әдебін
көреміз.
«
Принялись его угощать и опоили волшебным зельем; солдат упал на
траву и заснул крепким, беспробудным сном; а купцы, караван и котел вмиг
исчезли
», «
В палатах стол накрыт, на столе и вина и ества, чего только душа
хочет!
»
ىَلِإِو ،ِةَهِكاَفْلا َو ِِماَعَّطلا ِِنا َوْلَأ ِ رَخْفَأ اَهيِف َو . ِِةَّضِفْلا َِنِم ًِةَفْحَص َِة َرْشَع اَتَنْثا اَهْيَلَع ، ةَمْخَف ِ ةَدِئاَم ِ هَعَم َو َِداَع َِّم ث
. ىَف ْخَت
ْسا َو ، هَماَمَأ اَهَعَض َوَف ؛ ةَفِغ ْرَأ ِ ةَّتِس اَهِبِناَج
Бұл мысалдан араб халқының дастарханға қоятын дәмі наннан басталатынын
көруге болады. Ғайыптан шыққан жын нанның алты түрін, түрлі жемістер мен
олардың күміс ыдыстарға салынған дайын дастархан әзірлегенін көреміз.
Ертегі дискурсында бата-тілек сөздерінен гөрі қарғыс мәнді сөздер көбірек
кездеседі. Қарым-қатынас стратегиясында бата-тілек сөздерінің өзіндік қызметі
бар. Ол қызмет бата-тілек арқылы жақсылық тілеуді білдіреді. Ертегі
дискурсында бата-тілек риза болу:
«Хан разы болып, зынданда жатқан
Мергенбай батырды, оның әйелін, қолға түскен басқа адамдарды азат етеді.
Шауып алған малын қайтарып береді. Кіші қызын Кендебайға қосып, отыз күн
ойын, қырық күн тойын істеп, көп сыйлықтар беріп, Кендебайды еліне
аттандырады»
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісі); сыйлық беру:
«Онан кейін
жұртына разы болып, өзінің орнына бір жақсы адамды хан қылып
отырғызып, өзі итімен, мысығымен, бүркітімен, тасымен, «бұл дүниенің
баяны жоқ», – деп жаһан кезіп кетіпті»
(«Сиқырлы тас» ертегісі),
Хан алтын
тағынан түстi, алтын тағын Жақсылыққа берді. Ай десе аузы, күн
десе көзi бар бip сұлу қызы бар екен. «Маған жақсылық қылсаң, қызымды саған
берейін», – деді. Жалғыз қызын берді, қара қылдан қақ жарып малын берді,
күйеу қылып алды. Жақсылық байып жүрді
(«Жақсылық пен жамандық жолдас
болған» ертегісі ); тілек тілеу:
«Байдың баласы қуанып сол жерде тасқа: «Мені
жылдам итіме, құсыма жеткіз!» – депті. Сонда көзді ашып жұмғанның
арасында байдың баласын айтқан жеріне жеткізіпті»
(«Сиқырлы тас»
ертегісі),
«Алып қара құс содан запы болып қайтқанда: "Балапандарым аман
болса екен", - деп жылап қайтады екен». «Бағанағы дауыл - асығып ұшқанда
алып құстың қанатынан тұрған жел екен, жаңбыр - соның жылаған көзінің
жасы екен»
деген («Ер Төстік» ертегісі) тәрізді көрінеді. «
За его честное
поведение приказал король отпустить его в чистую отставку и отдать ему в
награду ту самую лошадь, на которой в полку ездил, с седлом и со всею
сбруею
» («Заколдованная королевна» ертегісі).
88
ِ ذْن م
َِحَبْصَأ َو
ِ زْنَكْلا
— اه
ِئاكَذ َوِاهِفو رْعَمِىَلَع.اهَلًِةَأَفاك م هي ِخَأ
َِنْبا اهَج َّو َزَف ،ِهْيَلَع َِةَناج ْرَم لْضَف اباب يلَع»
لا ْمَل َوَسْنَي ِِةايَح َِلو ط اًعيِمَج او شاع َو ،ِةَّيِوَّسلاب ام هَنْيَب َو هَنْيَب هَمَسَقَف دْعَب، ِصو ص للاِِلْتَق اباب يلَعِل
ِْلِم
ِِم ْوَيْلااًك —َِكِلذ
[94] .« ِ
لاب ِِأَنْهَأ َو ِ لاح دَعْسَأ ىَلَعِْم ه َو
Қарақшылардан құтылғаннан кейін үңгірдегі барлық қазына Әли-Бабаға қалып,
бақытты да, ұзақ өмір сүріпті («Әли-Баба және қырық қарақшы» ертегісі). Араб
ертегі дискурсында тағы да алғыс айту бас кейіпкердің бақытқа қол
жеткізуімен, риза қылу сияқты әрекеттер арқылы беріледі. Бұл қазақ ертегі
дискурсы мен араб ертегі дискурсының ұқсас тұстары болып табылады.
Ертегі дискурсында берілген төмендегі мәнмәтіннен бата беру салтының
қолданысындағы ерекшелікті көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: