Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

разделю; все будете довольны, никого не обижу
» («Заколдованная зеркало» 
ертегісі). 
Араб ертегі дискурсында қарғыс мәнді сөздер 
Алла жазалайды

Алла 
жазасын берсін
т.б. сөздермен беріледі. Мысалы, Бұлар сенің ағаң мен әкең, 
оларды емдемеуің күнә болады. Сен оларға көмектеспесең, Алла саған разы 
болмайды. («Шейхтің ұлдары» ертегісі).
ِاللهِرفغيِلا
٬
ِ
ِمهجلاعتِلاِ!كوخأوِكدلاوِاذه
-
!ةئيطخ
Ертегі дискурсының қарым-қатынас стратегиясында сөйлеушілердің ішкі 
жан-дүниесін, сезімдерін, көңіл-күйлерін бейнелейтін мәнмәтіндерді жиі 
кездестіруге болады. Сөйлеу актісіне қатысушылардың қуану, сүйінші сұрау, 
алғыс айту, өтініш жасау және оны мақұлдау, бұйыру және сол бұйрықты 
орындауға келісу сияқты әрекеттері қарым-қатынас жасау стратегиясын 
айқындайды. Мысалы, қуану: 
«Бала төбеттеріне кезек-кезек мініп, еліне аман-
сау жетеді. Бала жалмауыздан аман-сау құтылып келгеніне әке-шешесі 
қатты қуанып, ел-жұртын жиып, үлкен той қылады»
(«Алтын сақа» ертегісі), 
«Енді ұйықта, бейшара жолдан шаршаған шығарсың қайғыменен», – деді. 
Шалдың сөзі Қаратайды қуантты. Шалдың аяғына көз жасымен жығылып
қолын сүйді. Осының әммесіне сенбей Қаратай қуанып сақылдап күлді. «Ей, 
Құдайым, нендейін ғажайыппен мен дүниеге шықтым?! Сен Құдайым, 
құдіретті, күшті һәм әділ шал сипатында етіп маған құтқарушы жібердің. 
Осы сөзбенен шалдың мойнынан құшақтап сүйіп, «ата-анам, құтқарушым!» 
деді. Шал: «Сені Құдайға тапсырдым» – деп көзден ғайып болды. ...Сұлудың 
қуанғанынан жүрегі жарылып кете жаздады. Қуанғанынан өзін ұмытып, 
қуаныштан шыққан көз жасымен батырдың мойнын жуды. Ақ көңіл Қаратай 
ағаларының айыбын кешті, бірақ сұлулардың бәрін бермеді, өзі бізге белгілі 
сұлуды алды, отыз күн ойын, қырық күн тойын етіп кенелді. Мұраты асыл 
болып, мұнан соң да Қаратай қосағымен көп өмір сүрді» 
(«Қаратай» ертегісі), 
«Сонымен, жеті өнерпаз ханның бас уәзірі Назарға еріп жүреді. Бұлар бірнеше 
күн жол жүріп, бір-екі күн қалғанда сүйінші сұрауға Назар ханға бір кісі 
жібереді. Ол барып сүйінші сұрағанда хан аямай сүйінші беріп, алдынан бес 
жүз ошақ қаздырып, той жасайды. Аман-сау жеті өнерпазды алып Назар да 
келеді. Хан жеті өнерпазды көріп, қатты қуанып, бала қайғысының бәрін 
ұмытқандай болады
(«Жеті өнерпаз» ертегісі);
сүйінші сұрау: 
«Шал келіп: «Ау, кемпір, сүйінші бер! Жерік асың 
табылды!» – депті. Аңсап жатқан кемпір орнынан ұшып тұрып, шалдың 
әкелген етінен шикідей екі рет аузы толғанша жепті»
(«Жылан қабықты 
жігіт» ертегісі); 
бұйыру:
«- Қазір үшеуің іздеп шығып, құсты да, құлынды да тауып 
келіңдер. Таба алмасаңдар, менің маңымды көрмеңдер! - дейді хан»
(«Керқұла 
атты Кендебай» ертегісі), 
«Талай уақыт өткеннен кейін: «Аш көзіңді!» - дейді 
Керқұла ат»
(«Керқұла атты Кендебай» ертегісі);
бұйыру мен сол бұйрықты орындауға келісу: 
«— Мен Мергенбайдың 
жүйрігін алмай көңілім көншімейді. Ат менікі, құлынын да бергенмін. Осыған 


91 
ақыл табыңдар! – деп бай гөй-гөйге басыпты дейді. Сонда байдың бір ұлы 
тұрып: 
Атты тегін бермейді, тартып алсақ атты жазым етеді. Ендеше ебін 
тауып ұрлап алсақ нетеді. Өзінен бір жас кіші інісін жарыс болар күні 
орнына ауыстырып, жүйрікті ала қою керек. Таңбаны саннан бір соқсақ, 
мерген тұр ғой көрген де таласа алмай қалады, – депті. Бәрі осыған қош 
депті»
(«Пиғылсыз байдың сазайы» ертегісі);
өтініш пен мақұлдау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет