Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет29/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

:
түрлі
 
киім атаулары. Бұл туралы ғалым Ж.А. Манкеева 
былай деп жазады: «Киiм-кешек атаулаpы ұлттық, мәдени, тiлдiк пpоцестеp 
туpалы «ақпаpат» беpiп қана қоймайды, олаp тiлдiк шығаpмашылықтың «тipi» 
қазынасы iспеттi. Халықтың қоғамдық өмipiнiң ең алғашқы белгiлеpiнiң бipi 
pетiнде пайда болып, дамып келе жатқан, ұлтымыздың ғасыpлаp бойы 
жинақтаған эмпиpикалық бай тәжipибесiнен нәp алып қалыптасқан сан түрлі 
киім атаулары халықтың жадында сақталып, сұpыпталып, дамып, көбi соңғы 
кезге дейiн жетiп, бүгiнгi күннiң де кәдесiне жаpап жүp» [106, 309]. Ғалым атап 
көрсеткендей, ертегі дискурсында кездесетін киім атауларынан сол ұлттың 
бүтін болмысы туралы мәдени ақпаратты алуға болады. Мысалы: 
«Кигенде 
сауытым Ақсырмал, өз сауытым киемін. Серттескен торғын орамал, орай 
будым белімді» 
[91] («Ер Төстік» ертегісі). «
Кендебай қолында біреуінің алтын 
кебісі қалып қояды. Кендебай үйімен қоштасып, сауыт сайманын киініп жетім 
баланың әке-шешесін іздеуге шығады» [97]
. «
Пусть тот, кто меня сюда 
привез, поедет к синему морю, посреди того моря лежит большой камень, под 
тем камнем спрятано мое подвенечное платье – без того платья замуж не 
пойду! Выпила царевна стакан заморского вина, опьянела и крепким сном 
заснула». «Иван-царевич тотчас оседлал своего доброго коня, надел на себя 
сбрую ратную, взял меч-кладенец, копье долгомерное и плетку шелковую, 
помолился богу и выехал против неприятеля» [104], 
араб ертегісінде «
Ұрылар 
үстіне кең бұхар халаты мен шалма киіп, халат ішіне пышақ жасырып, қалаға 
кіреді
» 
ِ
ةمامع
، 
راخبِبابلجلا 
[94] («Әли-Баба және қырық қарақшы» ертегісі). 
Қазақ ертегі дискурсында 
сусын, нан, қымыз, ет
, орыс ертегі дискурсында 
напитки, вино, хлеб, соль
, араб ертегі дискурсында 
шарап, кәуап, бұршақ, 
жасымық, күнжіт 
т.б. кездеседі. Мысалы, «
Сол арада бала лезде ет пісіре 
алатынын айтады. Бала етті қазанға салып, баяғы шал берген кездікпен етті 
түртіп қалғанда, ет өзінен-өзі пісіп болады
» («Күн астындағы Күнікей қыз» 
ертегісі), орыс ертегі дискурсында: 
«– говорит стрелец. – Милости просим 


63 
хлеба-соли откушать, заморских вин испробовать
» [96]
(
«Жар-птица и 
Василиса- царевна» ертегісі
).
(«Синдбад теңізші» ертегісі)

ميسنلاوِروهزلاِةحئاربِةليمجلاِةقيدحلاِنمِذيذللاِبابكلاوِماعطلاِرشتني
[107]


Гүлдің жұпары аңқыған, самал жел соққан әдемі бақ ішінен дәмді тағамдар 
мен кәуап иісі шығып тұрды. 
Қиял-ғажайып ертегілерінде қолданылатын тілдік бірліктер халық қиялы 
мен халық тұрмысының тұтас бір бейнесін құрайды. Көркем эпитеттер 
батырлықты, батырдың керемет күшін, әділдікке деген сенімін, т.б. беру үшін 
пайдаланылады. Қазақты да, орысты да, арабты да немесе әлемде өмір сүретін 
кез келген ұлтты қоршаған табиғат біреу, біз бәріміз бір аспанның астында өмір 
сүреміз, бір күн бәрімізге жарқырап шығып, қызарып ұясына батады, түнде 
аспанымызда бір жұлдыздар жымыңдайды, бірақ әр ұлт дүниені өзінше таниды, 
өзінше бағалайды. Табиғаттағы ұқсастық пен ортақтық белгілер адам 
санасында ассоциациялардың пайда болуына негіз болады, адам бір нәрсені 
екінші бір заттың ұқсастығымен байланыстырып, есте сақтайды, одан әрі тілде 
мағынаның ауысуы, метафоралар пайда болады. Бұл туралы Ж.А. Манкеева 
былай деп тұжырымдайды: «Табиғат көрінісіне, жағдайына икемделу – 
адамның негізгі қасиеті. Жүздеген, иә, мыңдаған жылдар бойы жалғасатын бұл 
икемделу тек материалдық өндіріспен ғана байланысты емес, ол адамдардың 
ой-өрісіне де әсер етті. Этнос пен табиғатты біртұтас ұғым деп қарау әсіресе 
көшпенділер мәдениетін, психологиясын түсіну үшін ерекше маңызды. Себебі, 
олар көбінесе осы екі ұғымның (этнос пен табиғат) нәтижелік көрінісі»[108]. 
Батырды сипаттау үшін тілдік метафоралар, троптың түрлері («


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет