3
АНЫҚТАМАЛАР
Дискурс
– ауызша және жазбаша түрде айтылған, нақты бір
қарым-
қатынас
кеңістігінде орын алған, қандай да бір мәдени немесе әлеуметтік
қауымдастыққа тән, күрделі коммуникативтік оқиға.
Ертегі дискурсы
– коммуниканттар арасындағы
белгілі бір этностың
әлеуметтік-мәдени дүние бейнесінен толық хабар беретін сөйлесім үлгісі.
Ертегі дискурсы – әлеуметтік-тарихи, мәдени, этникалық, тілдік факторлармен
айқындалған, жеке тұлғаның және бүтін халық санасының ерекшелігін,
уақытпен дәлелденген озық дәстүрлерді бейнелейтін,
белгілі бір дәуірдің
шындықтарымен сәйкес келетін әлеуметтік концептілердің және олардың түрлі
нұсқаларының өзіндік жиынтығы.
Ертегі дискурсы жанрына тән белгілер
: тілдік бірліктердің таңдап
қолданылуы; айтылымның
нақты бір адресатқа бағытталуы; жеке авторлық
шеберлік (қарым-қатынас құзіреттілігі); ұлттық ерекшеліктің болуы; қарым-
қатынас мақсатының болуы; дискурстық тәжірибенің болуы;
айтылымның
типтік формаларының болуы; айтылымның қайталану сипатының болуы;
ертегілік категориясының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: