Ертегілік категориясы – ертегі дискурсының жанр құраушы бірлігі.
Оның негізгі өлшемдері: ғажайыптылық, құндылық, фантастикалық қиял,
белгісіз хронотоп, құрылымдық-семантикалық қайталаулар.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдері тілдік (лексикалық,
грамматикалық, семантикалық), қарым-қатынас стратегиясы (ұлттық сөйлеу
әдебі, стереотиптік түсініктер, т.б.), когнитивтік-коммуникативтік (қарым-
қатынас ұстанымдары, ұлттық сөйлеу мінез-құлқы, т.б.).
Адресант – адресатқа қандай да бір ақпаратты жолдаушы.
Адресат – берілген ақпаратты тілдік немесе тілден тыс формада
қабылдаушы.
Дүние бейнесі – шындықтың ақыл-ойдағы үлгісі, әлем, өзіміз және жалпы
өмір туралы идеялар мен білімдердің жиынтығы.
Аялық білім – концептінің мазмұнына негіз, фон болатын білім түрі.
Тірек концепт – белгілі бір мәдениетті түсінуге көмектесетін мәдениеттің
бір элементі, оны түсінудің кілті.
Таным – ақиқат болмыстың адам санасында мақсатты және белсенді түрде
бейнелену үдерісі болып табылады.
Сана – белгілі бір ұлттық-мәдени қауымдастыққа тән болып келетін
қоғамдық құбылыс. Ұлттық сана тілдік қауымдастықтың ұзаққа созылған
дамуының нәтижесінде пайда болды.
Символ – таңбамен тепе-тең, мәдени нысан. Символ – танымдық
тәсілдердің шынайы мағынасы.
Стереотип – нақты бір феноменге байланысты концептіні түсіндіруге
қатысты оның ішкі валенттілік байланыстарын жинақтап ұйымдастыратын
менталды-тілдік категория.
4
Астырт құрылымдар – мәдени бағдарлы сценарийлер, фреймдер және
оны құраушы слоттар.
Үстірт құрылымдар ертегі дискурсына тән жанрлық белгілердің әмбебап
сипатынан көрінеді.