Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет42/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

«... Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты, 
жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты 
Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты.
Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара 
жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі. Бала еңіреп жылап жүр 
екен. Кендебай жетіп келіп: 
- Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? - деп сұрапты. 
- Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді 
алса, көрген күнің құрысын! - деп қоя беріпті бала» 
[97]

Осы ертегі үзіндісінен бас қаһарманның ерлігімен қабат оның 
адамгершілік келбетін, мейірімділік, қайырымдылық сияқты адами қасиеттерін 
баяндап жеткізсе, жетім бала мен бас қаһарманның диалогінен қарым-қатынас 
стратегиясы айқындалады. Айдалада мал баққан жетім баланың киім киісінен, 
сырт келбетін суреттеуінен оның өмірінің қандай деңгейде екендігін, тек 
кедейлік қана емес, жетімдіктен зардап шеккен күйін астарлы сөзбен 
тыңдаушысына бере білгенін байқаймыз. Кендебай батырдың қойған сұрағына 
сай, жетім бала да басындағы ауыр халді аз сөзге сыйғызып, әке мен анасыз 
өмір сүрудің азап екендігін қысқа, әрі айқын түрде жеткізе сипаттайды. 
Дискурстық жағдаяттағы батыр мен жетім бала бұрын бірін-бірі көрген 
адамдар емес, яғни таныс емес. Жай ғана жолда әлдеқалай кезіккен жандар. 
Қарапайым жөн сұрасу кезінде дискурсқа қатысушылар өз ойларын жасырын, 
астарлы түрде бергені белгілі. Әйтсе де тараптар бір-бірін дұрыс түсініп 
тұрғаны байқалады

Осындай қысқа қайырымды жауаптасудың өзінен бас 
кейіпкердің адамшылық қасиеті, жетім баланың психологиялық жайы, «жетім 
көрсең жебей жүр» деген қағиданы негізге ұстаған қазақы тәрбие, аман
-
саулық 
сұрасу, жөнді жауап қайтару – барлығынан хабар беріп тұр. Осылайша, тілдік 
жағдаяттағы екі қатысушының жауаптасуынан бірін
-
бірі түсінуі арқылы 
дискурс орнады. Егер тұспалдап қойылған сұраққа немесе оған тұспалмен 
қайтарылған жауапқа екі жақтың бірі түсінбесе, дискурс орнамайтыны белгілі. 
Бұл туралы Е.З. Дулаева, Ф.З. Мамедова, Б.К. Базылова былай деп жазады: 
«Қарым-қатынас барысында адамдар бір-бірін өзінің мәдениеті оған тән ішкі 
үлгілері тұрғысынан қабылдайды және бағалайды [124, 62]. 
Ертегі дискурсындағы қарым-қатынас стратегиясынан ұлттық сөйлеу 
әдебін байқататын мысалдарды жиі кездестіру мүмкіндігі бар. Мысалы, хан 
ордасына кірген кісі сөзін бастамастан бұрын дат сұрайды. Хан рұқсат берсе 
ғана келген мән жайын баяндайтын болған. Кендебай батыр ханның ордасына 
келіп: 
- «Дат, тақсыр! - дейді. 
- Датың болса, айт! - дейді хан ақырып». 
Ханның датын айтуға мұрша 
беруінен де қазақ халқының сөзге қонақ беру, сөзге тоқтау қасиеті көрінеді.
Сондай
-
ақ ханның алдына батыл, намысты жанның келе алуы, айтқан сөзін 
өткізе алуы сияқты қасиеттер де білінеді. Одан кейін ертегі оқиғасы бойынша 
батыр өзін таныстырады:
 
- «Мен хан баласы емеспін, адам баласымын. Өз атым - Кендебай, ел мені 
Керқұла атты Кендебай деп атайды. Сіздің еліңізге ерігіп келгенім жоқ, 


82 
жұмыспен келдім. Екі бірдей жоқ іздеп жүрмін... Намыс іздеп жүрмін, рұқсат 
болса айтайын, - дейді Кендебай. 
- Айт, айт, балам! - дейді хан»
[97]
.
Осы сөйлеу жағдаятынан «
хан баласы емеспін, адам баласымын
» деуі 
арқылы «атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген қағиданы немесе 
М.Өтемісұлының «қарадан біреу тусайшы, халықтың кегін қусайшы» деген 
арманы тәріздес ойды қазақ халқы ежелден ойлап, ер баланың халыққа қамқор 
болатын азамат ерді тәрбиелеуге аса мән бергеніне көз жеткіземіз. Сондай 
тәрбиені батыр берік ұстанады. Сөйтіп Кендебай батыр ханның алдына келу 
себебін бір ауыз сөзімен жеткізе айтады. Халықтық қалыптасқан дәстүрге орай 
хан да сөзге тоқтап, батырға, қызын беріп риза етіп аттандырады. Ертегі 
дискурсындағы 
осы 
тәріздес 
сөйлесім 
үлгілеріне 
қарым
-
қатынас 
стратегиясындағы сөйлеу әдебі, сөйлеу мәнері, сөз қадірін түсіну сияқты 
ұлттық ерекшеліктер көрсетіледі. Сонымен бірге жас жігіттің ханға тайсалмай
өтініш айтуы, өзін таныстыруы, өзінің мінез-құлқы мен сөз саптауы арқылы 
қарым-қатынас мақсатына жетеді. Орыс ертегісінде батырдың еліне деген 
құрметі ерекше, оны басқа ешбір құндылық ауыстыра алмайды. Мысалы, 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет