Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

Бейнелеуде әсірелеу мақсатындағы сөздер: «Самұрық құстың ұшып келе 
жатқанындағы қанатының қағуынан күшті дауыл жел тұруы, көзінің жасы 
жаңбыр болып жаууы», т.б.... «Керқұла ат құстай ұшып, құйғытып барады, 
айлық жерді алты-ақ аттайды. Көз ұшындағы құс қанатын жазып, жерден 
көтерілгенше Керқұла ат үстінен аттап өтіп кетеді. Теңізді көл, дарияны 
шалшық, тауды қырат құрлы көрмейді. Сонымен Кендебай күн жүреді, түн 
жүреді, ай жүреді, апта жүреді, бір жерлерге келгенде аспанмен тірескен бір 
биік тау көріне
ді» 
[91]. 
«...
Черти пихнули камень, и покатился он с горы 
шибко-шибко; бросились все трое вдогонку; вот один черт нагнал, ухватился 
за камень – камень тотчас повернулся, подворотил его под себя и вогнал в 
смолу. Нагнал другой черт, а потом и третий, и с ними то же самое! 
Прилипли крепко-накрепко к смоле
!» (орыс ертегілері). 
« ِ
َشِهَد ِ ةَمي ِرَك ِ راجْحَأ َو 
َِفَن
َِسِئا ِْنِم … . ِِةَمي ِرَكْلا ِِة َراج ِحْلاِو ِِلامْلا َو ِ ِسِئافَّنلاِب اًءو لْمَم ِ هَدَج َو ِ هَلَخَد اَّمَل َو »
Бұл жердегі ертегі үзіндісінде шығыстық діл бойынша араб ертегілерінде 
барша байлықтың түрі қымбат тастармен, асыл қазынамен бағаланады. Беріліп 
отырған сөйлемдерде бағалы маталар, інжу тастар, жер астына жасырынған 
байлықты күшейте суреттеу арқылы ертегі дискурсының қарым-қатынас 
стартегиясы жүзеге асып отырғанын байқаймыз. 
Ертегі дискурсындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктер сыртқы белгілерде 
(мысалы, сәулет немесе киімі) ғана емес, сөйлеу әдебінің формаларында да 
көрініс береді. Сөйлеу әдебі қай тілде болмасын амандасудан басталатыны 
анық. Ертегі дискурсының басқа дискурстардан айырмашылығы жиі 
қолданылатын амандасудың қалыптасқан «
Амансыз ба? Сәлеметсіз бе? Сәлем!
Мал-жан 
аман 
ба? 
Үй-ішің 
аман 
ба?» 
сияқты 
сұрақтарының 


85 
кездеспейтіндігімен ерекшеленеді. Қазақ ертегі дискурсында амандасудың 
қалыптасқан формаларының орнына «- О, неғып отырған адамсың?», «- Ей, 
адам, бұл жерге не жұмыспен келдің?», «Хан бұлардан жөн сұрайды», « - О, 
неғып жүрген жансың?», «- Жақсы келдің, Ер Төстік!», «- Жер үстінің Ер 
Төстігі, жер астына жақсы келдіңіз», «-Жол болсын!», «-Әлей болсын!» сияқты 
тіркестер амандасу, жөн сұрасу: 
«- О, неғып отырған адамсың? - деп, Төстік 
жанына жетіп келеді» 
(«Ер Төстік» ертегісі), 
«Хан бұлардан жөн сұрайды. 
Сонда бұлар: 
– Осы жақтағы күн астындағы Күнікей қызды іздеп келеміз. Іздеп келуші 
мына отырған бала, біз жанына ерген жолдастарымыз, — дейді»
(Күн 
астындағы Күнікей қыз),
«- О, неғып жүрген жансың? - деп Төстік қасына 
жетіп келеді. 
- Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге, соған жолдас 
болайын деп, жолын тосып жүрген адам едім, - дейді әлгі кісі»
(«Ер Төстік» 
ертегісі), 
«Жандыбатыр дәуге сәлем береді. Дәу сәлем алып: 
– Жол болсын! – дейді маңғазданып. 
– Әлей болсын! – дейді Жандыбатыр»
(«Ұшар ханның баласы»);
танысу:
« - Жақсы келдің, Ер Төстік! Жер астындағы ел де сені ренжітпейді, дейді. 
Сұр жыланның бірі жігіт, бірі әдемі қыз болып кетеді. Олар да: 
- Жер үстінің Ер Төстігі, жер астына жақсы келдіңіз» 
(«Ер Төстік» 
ертегісі), 
«Бала жөн сұрайды. Желаяқ: 
– Мен күн астындағы Күнікей қызды іздеп бара жатқан балаға жолдас 
болғалы жүрмін, — дейді. Бала: 
– Ендеше, мен сол баламын, — дейді» 
(«Ер Төстік» ертегісі) мақсатында 
қолданылады. Жөн сұрасудың тағы бір түрі ретінде қаратпа сөздер беріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет