111
беріледі. Жүгіру жаяу адамның әрекеті болса, шауып келу атпен қатты жүру
дегенді білдіреді. Оқушы екі әрекеттің мәніне көңіл аудармастан беріп тұр.
Арыстан аузын қағып алу деген бұл жерде де азуы сөзімен алмасып беріліп тұр.
Мергенбай батыр өзінің баласына қауышады сөзінің орнына қосылады деген
сөз
алынады.
Қауышу
сөзі
респонденттің
когнитивтік
санасында
қалыптаспаған, дегенмен оның мағынасын түсініп, ол сөзге мағыналас қосылу
сөзін қолданып тұр.
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің ауызша дискурста
қабылдануы мен қайта түзілуіндегі ерекшеліктерді эксперименттік талдау
нәтижелері төмендегідей қорытындылар жасауға әкеледі: ертегіні тыңдап, оны
қайта түзуге ұмтылған оқушыларда жоғарыда көрсетілген қателіктер мен
ауытқуларға қарамастан, ертегі дискурсы орын алды, қарым-қатынас сәтті
болды, жалпы ертегі мазмұнын түсініп, оны қайта түзді деп айта аламыз.
Өйткені ертегі дискурсын қабылдау мен түсіну, өңдеу және қайтадан түзу
әрекеттерінің шығармашылық сипатының басымдылығы, сонымен қатар
когнитивтік әрекетте оқушылардың ертегіні түсінуінде тек сол ертегі мәтінінен
тікелей алатын білімдері ғана емес, мәтінге тәуелсіз жалпы білімдері де, әр
оқушының арнайы өз білім тәжірибесі де маңызды орын алатыны анықталды.
Бұған дәлел ретінде экспериментке қатысқан оқушылардың ертегіні
мазмұндауда өз тараптарынан сөздер мен сөз тіркестерін қосуын, ойын
көркемдеп жеткізу мақсатында сөздерді мағыналас сөздермен ауыстырып
қолдануын (бұл барлық жағдайда сәтті шықпаған, сондықтан түрлі қателіктерге
әкелген) т.б. айтуға болады. Экспериментке қатысқан қала мектебінің
оқушылары мен ауыл мектебінің оқушыларының танымында өзгешелік бар
екені анықталды. Қала мектебінің оқушыларының ертегі мәтінін қабылдауда
түсінбеген құрылымдарға ұқсас бірліктерді жадтан іздегенде, олардың
санасында тиісті ақпараттар мен білімдердің болмауынан қиындықтар
туындағаны байқалды. Оқушы санасында ұқсас модельдердің болмауы
мәтіндегі ақпараттың кейбір бөлігінің кодталмауына әкеліп соқты. Кодталған
мәтін бөліктерінің өзінен логикалық, кейде грамматикалық қателіктер орын
алды. Бұл қателіктер қала оқушыларының қазақ тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне
т.б. қатысты білімі мен тәжірибесінің болмауымен түсіндіріледі. Ауыл
мектептерінің
оқушыларының
қала
мектептерінің
оқушыларымен
салыстырғанда мәтінді қабылдауы, оны қайта түзу дағдылары біршама
қалыптасқан деп айтуға болады. Өйткені мәтін мазмұнында берілген ақпараттар
олардың жадында ішінара болса да салынған. Ауыл оқушысы күнделікті
тұрмыста көргенін, естігенін ертегі мәтініндегі таныс жағдаяттармен салыстыру
арқылы қайта түзуге бейім екенін көрсетті. Ертегі мәтініндегі жағдаяттар мен
ақпараттар оқушының когнитивтік санасында ұқсас құрылымдармен
байланысқа түсіп, оны түсіну, өңдеу, қайта түзу қала мектебінің оқушыларына
қарағанда жылдам орын алады. Осыны пайдаланған ауыл мектебінің оқушысы
мазмұндауға асығып, ойын әсірелеп, көркемдеп жеткізуге ұмтылып, бір сөз
тіркесінің орнына екіншісін қолдану, дыбыстық ұқсастықтың салдарынан
сөздердің мағынасына мән бермеу т.б. логикалық қателер орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: