Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет67/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

Қарақат Әуес 
(5-класс оқушысы. №40 қазақ орта мектебі). 
Таңсәрі көріне 
бергенде қара бие құлындайды. Алтын құйрықты, құндыз жүнді аппақ құлын 
туады. Ол жүз батпан шоқпар-қылышын қолына алып, әрсілі-қарсылы жеті 
рет өткен кезде дәудің басын жеті рет жерге құлатады. Таңсәрі көріне 
бастау, әрсілі-қарсылы 
сөздерінде морфологиялық тұлғаны қате қолдану 
немесе 
шоқпар-қылыш 
деген екі түрлі қару екендігі туралы түсінігінің 
болмауынан қателік орын алған. 
Нұрхаят Қуаныш 
(6-класс оқушысы. Қаратоғай орта мектебі). 
Кендебай күн 
сайын емес, сағат сайын емес, минут сайын емес, секунд сайын өсіпті. Ол 
құралайды көзге ататын болыпты. Құралайды көзге ататын болыпты 
деген 
тұрақты тіркесті мерген деген мағынасында емес, тура мағынасында түсінген. 
Ол сөздің асқан мергендікті сипаттайтындығынан хабары болмағандықтан, тек 
құралай аңын атқанда көзінен тигізген деген түсініп баяндаған. Бұл тұрақты 
тіркес оқушының санасына әлі салынбаған тілдік бірлік.
 
Оразаева Ақнұр 
(5-класс оқушысы. Қаратоғай орта мектебі). 
Керқұла атпен 
Кендебай сен менің үстімнен бір қыл түйір жұлып ал. Егер сен осыны 
шығарсаң, мен саған құстай ұшып жетіп барып көмектесе аламын дейді. Сол 
кезде ол хан сарайында малшы болып жұмыс істеп жүреді. Бие алтын 
құйрықты, құндыз жүнді арғымақ құлын туады. Сол кезде оны ұстайын деп 
...құйрығы абайсызда жұлынып кетеді

Бір қыл түйір
(құйрығымнан бір тал 
қыл суырып ал), 
хан сарайында малшы болып жұмыс істеп жүреді 
(хан 
сарайында басқа қызмет түрлері болады) деген сөз қолданысынан 
респонденттің ауызша дискурста бір тал мен бір түйір тіркестерінің мағынасын 
жете түсінбеуінен орын алып тұрған ауытқу деп түсінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет