Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет64/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

Бақытнұр Рамазан 
(6-класс оқушысы. Жарқамыс орта мектебі). 
Ерте, ерте, 
ертеді бір Қазанғап деген бір аңшы болыпты. Ал оның әйелі жамау тоқып, ау 
тоқып күндерін көріпті. Бір күні Кендебай шауып келе жатып, ана жерде бір 
қасқырды көріп, биені өлтіріп жатқан қасқырды көріп, оны құтқаруға барады. 
Қасқырдың құйрығын былғап-былғап өлтіріп тастайды. Құлынның түсі құлан 
болыпты, керқұла болыпты. Кендебай балаға толығырақ түсіндіріп берші, не 
боп қалды деп сұрайды. Менің әкем көп батыр еді, ол көп соғысқа қатысып 
келгеннен кейін көп ұйықтайтын, сол ұйқыны пайдаланып, жаулары келіп 
әкемді байлап алып кетті дейді. Со кезде бала қатты жылай береді. Керқұла 
аты тіл бітеді
. Бұл жерде 
жамау тоқу

қасқырдың құйрығын былғап-былғап 
өлтіріпті
деген қате қолданыс жамау сөзінің мағынасын түсінбеуінен, яғни 
киімді жамап кию, малдың жабуын жамау сияқты тұрмыстық әрекеттермен 
таныс болмауынан туындаса, осы мәнмәтінде бұлғау әрекетінің құйрығынан 
ұстау арқылы орындалатынын түсінбегендігінен орын алып тұр. 
Назым Ерсұлтанқызы 
(4-класс оқушысы. «Ақбөбек» мектебі). 
Кешке жақын 
Кендебай сиырларын айдап жүрген кезде олар көлге... суға түспей қояды. 
Ханның қызы келіп, ар жағынан айқайлайды. Сен неге олай істеп тұрсын? 
Айрылғырдың суы, айрыл деп айқайламайсың ба дейді. Кендебай атының 
дорбасынан жаңағы заттарды алып береді. Атының дорбасы 
тіркесінің 
қолданысында екі қате тұр. Біріншісі – ертегі мәтініндегі қоржын сөзін дорба 
сөзімен ауыстырып тұр, демек, қоржын деген жолаушының атпен жүргенде 
керек-жарағын салатын, ердің екі жағына тең бөлініп ілінетін, екі қалталы үй 
бұйымы екені туралы когнитивтік санада білімі қалыптаспаған, оны құрғақ 
тамақ немесе әр түрлі ұсақ-түйек заттар салуға арналған кішігірім қапшық 
ретінде түсініп, дорба сөзін қолданып тұр. Екіншіден – 
атының дорбасы
деген 


108 
тіркес логикалық тұрғыдан дұрыс түзілмеген, аттың дорбасы болмайды, ат 
қоржын, түйе қоржын тіркестері тілімізде қалыптасқан. Респонденттің 
танымында тұрмыс-тіршілігімізге қатысты атаулар туралы аялық білімінің 
болмауынан тағы бір грамматикалық қатеге (атының дорбасы деген тіркесте ат 
сөзіне -ы тәуелдік жалғауын жалғауы) жол беріп тұр. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет