Бахитжанова Сәулежан (5-класс оқушысы, №40 қазақ орта мектебі).
Ерте заманда Қазанғап деген бір қария қартайғанға дейін бір перзентке зар болды. Құдайдан күндіз-түні бір жақсы перзент беруді тілейді екен. Күндердің бір күні қарияның тілеуі қабыл болған. Кемпірі көзі тостағандай, шекесі торсықтай бір ұл туыпты. Бір буаз биені арыстан
жегелі жатыр екен. Өлгелі жатқан биенің қарынын жарып жіберіп, ішіндегі тулап жатқан құлынын шығарып алыпты. Респонденттің баяндауында аялық білімі мен танымына сай
тілдік бірліктер қолданылған. Қарияның перзент тілеудегі «жақсы» сөзін
қолдануы жақсы бала бол, жақсы бала екен деген күнделікті еститін таныс
тіркес болғандықтан қолданса, көзі тостағандай деген әдемілікті суреттеуде
қолданылатын таныс тіркес. Бұл тіркес ертегі мәтінінде жоқ, әрі ер баладан гөрі
қызға айтылатын теңеу сөз. Осылармен бірге буаз биені арыстан жеп жатыр
екен дегенінен арыстандай көкжал бөрінің мағынасын дұрыс түсінбеуінен
логикалық қатеге ұшырап тұр.
Арыстандай көкжал бөрі тіркесі қала
оқушысының танымында жоқ екенін көреміз.
Тимурқызы Аяжан . (6-класс оқушысы, Жарқамыс орта мектебі).
Кешке жақын Кенжебай сиырларды өткізейін десе, сиырлар суға түспейді, Кенжебай ашуланып сиырларды бір-бірлеп өзенге лақтыра бастайды. Өзеннің бергі жағында ханның кіші қызы тұрады. - Ой, оңбаған, құрттың ғо малдарды – дейді. Күндердің күні неге айтпайсындар – дейді. Құрттың ғой малды дегендегі
малды қыру тіркесінің
орнына белгілі бір затқа қатысты айтылатын
құрттың ғой сөзін қолданып тұр.
Қарымсақ Назерке (4-класс оқушысы, «Ақбөбек» мектебі).
Қасқыр арс етіп аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Құлынның сүтімен асырапты. Керқұла аузымен құс тістеген өрен жүйрік болыпты. Той үстінде мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып азып-тозып ханның екі баласы келеді. Бұл
жердегі құлынды құлынның сүтімен асырапты деуінде жануардың бір түрі
құлан туралы ұғымның санада болмауынан болса, ерен жүйріктің орнына өрен
жүйрік деп айтуы ерен сөзінің таныс болмауынан тілдік бірліктерді қолдануда
қателік жіберіліп тұр.
Иван Іңкәр (4-класс оқушысы, «Ақбөбек» мектебі).
Кендебай биенің қасына келсе, бие жанталасып өлгелі келе жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарынын жарып жіберіп, құлынын суырып алады. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде кез ат болып шығыпты. Респондент ертегі мазмұнын баяндауда тілдік бірліктерді қолдануда екі жерде
қате жібереді.
Өлгелі келе жатыр екен деген сөйлемде грамматикалық
құрылым дұрыс түзілмеген.
Алты айдың ішінде кез ат болыпты деуде алты кез
тіркесінде алты санын қолданбайды. Яғни, бұл қателік
кез сөзінің мағынасын
білмегендіктен және алты кез, алты құлаш сияқты тіркестермен таныс
болмағандықтан деп есептейміз. Оқушы санасында осы тәріздес тілдік
құрылымдар әлі де болса қалыптаспағанын көрсетеді.