107
ұстап өткізіп жібереді
деген тіркесті қолдануында қолынан ұстап өткізу деген
ұғыммен тең алып тұр. Респондент танымындағы логикалық қате сиырды
сирағынан ұстасаң, тек оны сүйрейсің немесе күшің көп болса лақтырасың
деген ұғымды түсінбеуінен көрініп тұр.
Одан әрі
малдардан мал
қалдырмайтын болдың ғой
деп беруінде «малды қырасың» деген сөздің
байланысуындағы, сөздердің мағына жағынан
тіркесуіндегі қалыптасқан
заңдылықты игермеуі байқалады.
Гүлдана Мұратқызы
(5-класс оқушысы, Жарқамыс орта мектебі)
. Баяғыда бір
Қазанғап деген
қарапайым кісі
болады. Кендебай аң аулауға шыққанда бір биені
жаңа ғана жарған азуы... азудай қасқырды көреді. Қасқырды жерге бір ұрып
өлтіреді. Алтындай қанжарымен биенің қарынын жарып, биені құтқарып
қалады. Керқұла Кендебайға сай болып өсіп шығады.
Респондент
кедей
сөзінің
орнына
қарапайым
сөзін
пайдаланса, қасқырдың ірілігін сипаттауда
азудай
сөзін алып тұр. Азу сөзінің тіске қатысты бірлік екенін білмегендіктен немесе
азуы алты қарыс
деген
тұрақты тіркестің қайратты, күшті деген мағынасынан
хабары болғандықтан, қасқырдың мықтылығын
сипаттауда осындай қате
қолданысқа жол беріп тұр.
Қасқырды жерге бір ұрып өлтіреді
деген
сөйлемінде де қасқырдың айлалы, жерге
бір ұрғаннан өлмейтін мықты
жыртқыш екендігінен хабары аз. Оқушы танымында бұл ұғым әлі
қалыптаспаған.
Достарыңызбен бөлісу: