Култанбаева нургул калдыгуловна


  Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің ауызша



Pdf көрінісі
бет60/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

2.4 
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің ауызша 
қабылдануы мен қайта түзілу ерекшеліктеріне эксперименттік талдау 
Ертегі дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің ауызша қабылдануы мен 
қайта түзілу ерекшеліктерін эксперименттік талдау 2019-2020 оқу жылы 
ұйымдастырылды. Эксперименттің өту орындары - Ақтөбе қаласы «Ақбөбек» 
мектебі, Ақтөбе қаласы №40 ЖОББМ, Шалқар ауданы, Қаратоғай ЖОББМ, 
Байғанин ауданы, Жарқамыс ЖОББМ. Экспериментке қатысушылар –
бастауыш (40) және орта буын оқушылары (32). Коммуникативтік орта – 
мектеп мұғалімі, оқушылар. Экспериментте қолданылған техникалық құрал – 
диктафон. Ертегіні оқып, қайта мазмұндату мақсатында оқушылардың жас 
ерекшелігіне орай «Керқұла атты Кендебай» ертегісі алынды. Ертегі 
дискурсының лингвомәдени өлшемдерінің ауызша қабылдануы мен қайта 
түзілу ерекшеліктеріне эксперимент жүргізу әдісі К.Қ. Садированың “Қазақ 
тіліндегі 
көп 
пропозициялы 
дискурстың 
құрылымдық 
негіздері”
монографиясында 
[21,340-344] 
берілген 
талдауларға 
негізделді. 
Эксперименттің 1-кезеңінде мұғалім/оқушы “Оқушылар, сіздерге қазір 
“Керқұла атты Кендебай” ертегісі оқылады. Ертегіні тыңдап болған соң, оны 
қайта мазмұндап беру сұралады. Біз сіздердің мазмұндағандарыңызды 
диктофонға жазып аламыз. Осыған келісетіндеріңізге рақмет, сіздер осы класта 
қаласыздар, келіспейтіндеріңіз үйге қайта беруге болады” деген хабарлама 
жасады. 2-кезеңде – мұғалім аталған бір ертегіні мәнерлеп оқыды. 3-кезеңде – 
мазмұндаған оқушылардың жауаптары жазылып алынды. 4-кезеңде – жазылып 
алынған мәліметтерге талдау жасалды. Төменде экспериментке қатысқан 
оқушылардың ертегі дискурсындағы қателері мен ауытқуларының орын алу 
себептеріне дискурс талдауға сай түсіндірме бердік.


105 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет