Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

«Төстігі бастап, Ерназардың сегізі аман-
есен елдеріне келеді. Балалары аман-есен келген соң, Ерназар ел жиып, той 
қылады. Түйеден бура, жылқыдан айғыр, ту бие, қойдан құнан қой сойып, 
қымызын көлдей, етін таудай қылып қояды. Ақсақал, қарасақалын түгел разы 
қылады» («Ер Төстік» ертегісі). 
Жалпы қазақтың ұлттық санасында қайғыны 
да бөлісетіні белгілі. Бірақ ертегі дискурсында, оның ішінде біз зерттеу нысаны 
етіп отырған қиял-ғажайып ертегілерінде қайғыны бөлісу кездеспеді, мұны біз 
ертегілердің барлығы жақсылықпен аяқталатынымен және оның дидактикалық
қызметімен байланыстырамыз.
 
Қазақ үшін «жақсы сөз – жарым ырыс». Қазақ сөз қадірін білген, сөзге 
тоқтаған, сертте тұрған, жақсы адаммен тілдескеннен жан рақатын алған, аталы 
сөзді құрметтеген. Қазақтың ұлттық мінезіндегі осы қасиеттер ертегі 
дискурсынан көрінеді. «Қырық өтірік» ертегісінде тазша баланың тауып айтқан 
өтірік өлеңі тыңдаушысын таңқалдырып, хан риза болып, берген уәдесін 
орындайды. Бұдан баланың тапқырлығы мен сөзге шешендігін, ханның 
уәдесінде тұру сияқты қасиеттерді көреміз. Мысалы, 
« - Тақсыр! Әкемнің 
белінде, шешемнің құрсағында жүрген кезімде, әкемнің әкесінің жылқыларын 
он бес жыл бағыппын. Алған ақыма өзіме қалың беріп, қатын алыппын, бесті-
алтылы бала сүюлімін, сол қатынымнан туған балаларымның қолындағы 
кенжесі, осы уақытта жиырманың бесеуінде; өзімнен он жас үлкен»
(«Қырық 
өтірік» ертегісі), 
«Баланың қиыстырып, бір ауыз да рас сөз араластырмай 
айтып, сүрінбегеніне хан таң қалып, дегенін істепті» 
(«Қырық өтірік» 
ертегісі). 
Қазақтың қарым-қатынас мінез-құлқынан ғасырлар бойы қалыптасқан 
қонақжайлылық, құдайы қонақ, құтты қонақ түсініктері көрінеді. Қазақы 
мінезге тән қонақжайлылық қазақ ертегі дискурсында жиі кездеседі. Оның 
себебін қазақ халқының көшпенді өмір салты, малға жайлы қоныс іздеп бір-
бірінен алшақ тұруы оларды сөйлесуге, араласуға құштар еткен немесе алыс 
ауылдардың арасында жол жүрген жолаушының құдайы қонақ болып келуі, 
оған сый-құрмет көрсетіліп, онымен тілдесіп, қызықты әңгімелерін тыңдап, 
рухани азық алуымен түсіндіруге болады. Соның нәтижесінде қазақтың ұлттық 
мінезіндегі жатсынбау, көпшілдік, кеңдік, дарқандық, қонақжайлылық 
қасиеттері қалыптасқан. Бұған ертегі дискурсындағы төмендегі мысалдар дәлел 
болады: 
«- Жақсы келдің, Ер Төстік! Жер астындағы ел де сені ренжітпейді, -
 дейді. Сұр жыланның бірі жігіт, бірі әдемі қыз болып кетеді. Олар да:
- Жер үстінің Ер Төстігі, жер астына жақсы келдіңіз. Жер астының 
алыптары, өнерпаздары сенің шылауыңда болады, - дейді» 
(«Ер Төстік» 
ертегісі),
«Кеще ханның малға әкелген қора-қора қойының келе-келе түйесінің, 
үйір-үйір жылқысының бәрі де тойға сойылады. Ер Төстік жолдастарымен 


100 
бір үйде отырады. Бұларды тойғызамын деп, қанша ет әкелсе де жетпейді» 
(«Ер Төстік» ертегісі). 
 
Қазақ ертегі дискурсында кездесетін ұлттық мінез-құлық қасиеттердің 
бірі – тапқырлық. Өмірлік қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу, 
қиындықтан шығатын жол табу қасиеттері ертегі дискурсынан көрінеді. 
Мысалы, 
«Төстік жылқыдан алты аяқты ала атты мініп, жеті аяқты жирен 
атты жетегіне алып келе жатқанда, алдынан Кенжекей шығып, мынаны 
айтады: - Сан жорғаны алмадым. Ер аты деп таңдадым. Айыл-тұрманы, 
әбзелін Төстік, саған арнадым. Жабы емес, қазақы ат, Ер серігі қолғанат - 
Шалқұйрықты мін, Төстік! Сан жасауын алмадым, Саған бола таңдадым, 
Ақсырмалдай сауытты Осы жолға ки, Төстік! - деп зарлайды. Төстік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет