40
ұйықтай алмайтын болған. Оның ұйықтайтын бөлмесінде үш зағип қария
патшаға кезекпен түрлі әңгімелер ойлап тауып ұйықтату үшін күтіп отыратын
болған. XVII ғасырдағы шетелдік саяхатшылар Олеарий, Самуил Маскевич
орыстардың ертегі әңгімелерді той, жиындар кезінде көңіл көтеру мақсатында
айтатындары туралы таңқалыспен жазады» [63, 28]. Осыған ұқсас жағдаят
шығыс халықтарының атақты ертегісі «Мың бір түнде» де кездеседі. Уәзірдің
ақылды, тапқыр қызы Шахризада қаһарлы патша Шахриярға белгілі бір шартқа
сай мыңдаған түндер бойы ертегі айтады. Бұл жерде де тыңдаушы – патша.
Тағы бір орыс ертегілерін жинақтаушы Пётр Тимофеев: «Любезный читатель!
Причина, побудившая меня собрать сии сказки, есть следующая: известно, что
много находится таких людей, которые, ложась спать, любят заниматься
слушанием или читаемых каких-либо важных сочинений, или рассказывания
былей и небылиц, а без сего никак не могут уснуть. Почему я, желая услужить
охотникам до вымышленных вздоров, постарался собрать столько, сколько мог
упомнить, и сказать оные в свет» [64, 8] деп жазады. Бұдан орыс халқында
ертегішінің адресаты жас ерекшелігі жөнінен, яғни жас та, кәрі де, әлеуметтік
топ та түрлі деңгейде болғанын аңғару қиын емес.
Ал қазақ халқында арнайы ертегішілер болмаған, мал күзетінде немесе
көш-жөнекей уақыт өткізу, әрі көңіл көтеру үшін, танымдық, тәрбиелік
мақсатта ертегі айтылып, тыңдалатын болған. Олай болса, ертегі дискурсының
айтушысы да, тыңдарманы да түрлі жастағы, түрлі әлеуметтік топтағы адамдар
болғанын аңғарамыз. Қазақ ертегі дискурсының адресаты кім болса да, ертегіні
тыңдай отырып, астарындағы айтылар ой мен ертегішінің әсерлі әңгімесіне
қызығып, зор ынтамен тыңдайды. Қай жағдайда болмасын ертегі дискурсының
тыңдарманының болуы шарт. Ертегі дискурсында айтылым нақты бір адресатқа
бағытталады.
Ертегі дискурсының жанрлық сипатына тән тағы бір белгі жеке авторлық
шеберлік (қарым-қатынас құзіреттілігі) болып табылады. Ертегі дискурсындағы
фантастикалық қиял, ғажайыптылығымен қатар, шындыққа жанаспайтын түрде
болады, солай бола тұра ол осы сипатымен оқырманды өзіне баурайды. Ертегі
дискурсы шынайы өмірге сәйкес келмейтіндігімен, нақты әлемге қайшы
келуімен және ертегілік шындықты құрастыруда асқан сөз шеберлігінің, ой
ұшқырлығының қажеттігін талап етуімен өзгешеленеді. Мысалы, «Қырық
өтірік» ертегісіндегі тазша баланың өтірік әңгімені құрастыруындағы
тапқырлық, «Алтын сақа» ертегісінде тайды суреттеу шеберлігі: «
Бала сол
қотыр тайды ұстайды да жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры
жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен
болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде,
тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді»
немесе «Керқұла
атты Кендебай» ертегісіндегі Керқұла атты суреттеу, «
Достарыңызбен бөлісу: