Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет15/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

Ертегі мәтіні 
Ертегі дискурсы 
Ертегі мәтінінде қарым-қатынас 
визуалды түрде жүзеге асырылады. 
Ертегі дискурсында қарым-қатынас 
акустикалық тұрғыда жүзеге асады. 
Ертегі мәтіні – қалыпқа түскен 
сөйлеу әрекеті. 
Ертегі дискурсындағы қарым-қатынас 
тілдік және тілдік емес амалдар 
арқылы жүзеге асады. 
Ертегі мәтінінде қарым-қатынасқа 
түсушілердің арасында жекелеген 
байланыс болмайды. 
Ертегі 
дискурсындағы 
қарым-
қатынасқа 
түсушілердің 
бір- 
бірімен жеке түрде сөйлесе алу 
мүмкіндігі болады. 
Ертегі 
мәтініндегі 
қарым-
қатынастың тууы мен оны қабылдау 
әр кезеңде, түрлі кеңістік пен уақыт 
жағдайында жүзеге асырыла береді. 
Ертегі 
дискурсындағы 
қарым-
қатынастың 
жүзеге 
асуы 
мен 
оны қабылдау бір мезетте, кеңістік пен 
уақыт жағдайында жүзеге асырылады. 
Демек, дискурс белгілі бір уақыт 
аралығында өтеді. 
Ертегі мәтініндегі қарым-
қатынастың жүзеге асуында жанды 
контакт жоқ. 
Ертегі 
дискурсының 
диалогтік 
сипатына 
сай 
коммуникацияға 
қатысушылардың кем дегенде екеу 
болуы міндетті емес. Екі адам 
арасында жанды контакт арқылы 
жүзеге асуы да мүмкін, болмаса 
сөйлеуші өзі жасап, қолданысқа 
түсірген мәтіннің қандай да бір 
ардесатқа бағытталуы жатқызылады. 
Ал бұл адресат сөз түзушінің өзі де 
болуы ықтимал. 
Ертегі мәтіні – когнитивтік әрекеттің 
жемісі.
Ертегі дискурсы сол когнитивтік 
әрекет жемісінің үнемі өтіп жататын 
қарым-қатынас оқиғасына айналуы. 
Ертегі мәтіні – тілдік материалдың 
статикалық қалпы, көрсеткіші. 
Ертегі дискурсы – динамикалық 
үдеріс. 
Ертегі мәтіні – дискурсқа “дайын 
өнім”. 
Ертегі дискурсы – дайын өнімнің 
нақты жағдаяттағы көрінісі. 


39 
Ертегі дискурсының жанрлық сипатына тән белгілерді төмендегідей 
анықтаймыз: 
• тілдік бірліктердің таңдап қолданылуы 
• айтылымның нақты бір адресатқа бағытталуы 
• жеке авторлық шеберлік (қарым-қатынас құзіреттілігі) 
• ұлттық ерекшеліктің болуы 
• қарым-қатынас мақсатының болуы 
• дискурстық тәжірибенің болуы 
• айтылымның типтік формаларының болуы 
• айтылымның қайталану сипатының болуы 
• ертегілік категориясының болуы 
Ертегі дискурсының жанрлық сипатына тән белгінің бірі тілдік 
бірліктердің таңдалып қолдануына келер болсақ, ертегі дискурсының 
дискурстық тәжірибесінде тек ертегіге ғана тән арнайы тілдік бірліктер болады. 
Оларды дискурстың басқа түрлерінен кездестіру мүмкін емес. Мысалы, 
«
баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты»
(бай болса, міндетті 
түрде малы көп болуы), кедей болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болады 
(малдан тек ешкісі ғана бар), мықты батыр болса, міндетті түрде батырға лайық 
атының болуы, батырдың жарының сұлу болуы, негізгі кейіпкердің 
қарсыластары және олардың алып күшке ие болуы, алайда ақымақ болып келуі 
немесе жетім бала, тазша бала сияқты кедейлердің ақылы көп, қысылтаяң 
жерде сөз тауып, күшіне сенген дәуді, ақымақ патшаны ақылмен жеңіп отыруы 
сияқты мысалдардан көрінеді. Аталған тілдік бірліктер, айталық сын есімдер 
(әлсіз бала, кедей адам, сұлу қыз, ақылды ат, ақымақ патша) ертегі дискурсында 
өздерінің қалыптасқан орны, яғни белгілі бір анықталушы мүшемен ғана 
тіркеседі. Ертегі қаһарманының ерекше қасиеттері көркемдеп бейнелеу арқылы 
беріледі, себебі абстрактілі құбылыстың мағынасын көркемдеу тәсілдері 
арқылы ғана түсіндіру, адам санасына жеткізу мүмкін. Мысалы, «Қаңбақ шал», 
«Алтын балық», «Ұшқыш кілем», «Жүрдек етік» т.б. ертегілердің атаулары 
ертегі дискурсында бейнелі атауларды білдіреді. Сондай-ақ кейіпкердің сыртқы 
келбеті оның түріне, бет-әлпетіне емес, ол қалдырған әсерге ауыстырылып 
отырады. Кейіпкер портретін беруде кейде оны нақты суреттеуден алшақ болу, 
яғни дәлме-дәл сипаттамау, ертегіге тән тағы да бір тәсіл болып табылады. 
Мысалы, "сөзбен айтып жеткізуге болмайтын сұлулық» («


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет