Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет17/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

Керқұла қуса жетіп
қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай 
Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген 
құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын 
болыпты».


41 
Орыс халқының фольклор зерттеушісі В.П. Аникин былай деп көрсетеді: 
«Сказка создала поразительно живой, замысловатый мир. Всё в нём 
необыкновенно: люди, земля, горы, реки, деревья, даже вещи, предметы, 
орудия труда, и те приобретают в сказках чудесные свойства. Топор сам рубит 
лес, дубина сама бьёт врагов, мельница мелет без человека. Из сумы 
выскакивают здоровенные парни, готовые оказать услугу. Взмывает в 
поднебесье ковёр-самолёт. В небольшом сундучке помещается большой город с 
жителями, домами, улицами» [64, 160]. По естественным причинам не могут 
дети расти не по дням, а по часам, и стать сверхсилачами в десять лет, а в 
сказке – пожалуйста: «Растут они не по дням, а по часам; как тесто на опаре 
поднимается, так и они растут. Долго ли, коротко ли, стало им годков по 
десяти. Стали они с ребятами гулять, шутить шутки не хорошие. Какого парня 
возьмут за руку – рука прочь, возьмут за голову – голова прочь» [64, 163]. Бұл 
мысалдардан тек ертегі дискурсына тән сөйлеу шеберлігі мен ерекшеліктерін 
көреміз. Араб ертегілерінде сиқырлы сандық, алтын жұмыртқа, байлыққа толы 
үңгір, ғажайып шам немесе құмыра иесінің барлық тілегін әп-сәтте орындайтын 
Жын (Джин). 
ِ بي ِجَعْلا ِ حاَبْصِمْلا ٬ ة َرْخَّصلا ِ فْهَكْلا ٬ِةيبهذِةضيب ، «رئاطلاِقودنص» 
«ِامِيرتشيوِقوسلاِيفِاهعيبلِبهذيِ،ِةيبهذِةضيبِمويِلكِيفِهلِضيبتِةزوإِهيدلِيفيرِىتفِكانهِناك
ِتتاموًِائيشِدجيِملِاهحبذِامدنعِهنكلًِاينغِىتفِنوكيوِضيبلاِعيمجِجرخيلِةزولإاِحبذيِنأِررقِمويِيفوِهجاتحي
يشِلكِرسخوِةزولإا» 
Ертегі дискурсын зерттеген ғалымдардың берген анықтамаларына сүйене 
отырып, ертегі дискурсына берген тұжырымымызда айтқанымыздай, ертегі 
дискурсында белгілі бір этностың ұлттық ерекшелігі көрінеді. Ертегі дискурсы 
арқылы сол ұлттың дүние бейнесін, әлеуметтік-мәдени өмірін көре аламыз. 
Мысалы, қазақ ертегі дискурсында берілген оқиғалардан қазақ халқының өмір 
сүру салтын, дәстүрін, дүниетанымын, т.б. көруге болады. Қазақ ертегілерінде 
байлық малмен өлшенсе, орыс халықтарында зәулім сарайлар, араб 
халықтарында алтын, күміс тәріздес бағалы тастармен беріледі. Қазақ 
ертегілерінде оқиғалар кең далада, өрісте болып жатса, орыс, араб 
халықтарында орман, теңіз немесе шаһарларда болып жататындығы жайлы 
баяндалады. Киім үлгісі, тамағы, шаруашылығы арқылы да ұлттық 
ерекшеліктерді аңғаруға болады

Онда белгілі бір этностың тілдік және 
концептуалдық бейнесі қалыптасқан, белгілі бір тілдік ұжымның дүниетанымы, 
салт-санасы, дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, тілдік санасы көрініс табады. 
Ертегі дискурсының тағы да бір жанрлық сипаты ондағы қарым-қатынас 
стратегиясының болуында. Ертегі дискурсының мақсаты тыңдаушыға үлгі, 
насихат, өмірлік сабақ беруді көздейді. Сонымен бірге тыңдарманға көтеріңкі 
көңіл-күй, қуаныш, ләззат сыйлайды, дүниетанымын кеңейтеді. Ертегі 
дискурсына қатысушылар тыңдаған ертегісі арқылы өзіне қызықты ақпарат 
алумен қатар, кейбір өмірлік жағдаяттарға ене отырып, әділдіктің түбі жеңіске 
жететіндігі, жамандықтың жазаланатыны, т.б. жөнінде ой түйеді.
Құрастырушының немесе әңгімелесушінің тыңдаушымен өзара іс-әрекеті 
белгілі бір ниеттер мен мақсаттар үшін ақпаратты беру және қабылдау кезінде 
қарым-қатынас актісінің болуын нақтылай түседі. Ертегі дискурсының 


42 
әлеуметтік-интерактивті аспектісі тілдік санада және қарым-қатынастағы мінез-
құлық көріністерінің әртүрлі үлгілерімен ұсынылады.
Ертегі дискурсына қатысушылар, әсіресе оның айтушысы әр халықта
түрліше уақытта, түрліше кеңістікте ертегіні айтатын болған. Ол жоғарыда атап 
көрсеткеніміздей, ұлттық ерекшеліктерге, өмір сүру салтына, дәстүрі мен 
шаруашылығына қарай үйлесіп, орын тауып отырған. Айталық кейбір 
халықтарда ертегінің арнайы айтушысы – ертегішілер болған. Кейбір дарынды 
ертегішілер ел аралай жүріп, жұрттың көп жиналған жерінде ертегі, әңгіме 
айтатын болған және бір әңгімесін қайталай бермей жаңадан, бұрын ешкім 
естімеген жаңа ертегілерді ойдан құрастыратын болған. Ол үшін, бір жағынан, 
бұрын-соңды айтылып жүрген ертегілерді өздерінше өңдеп мәнерлеген; 
екіншіден, сол халық ертегілерінің негізінде жаңадан тың сюжетті ертегілер 
туғызған. Сөйтіп дискурстық тәжірибе жинақтаған. Ертегі дискурсындағы 
адресант түрлі ғажайып оқиғаға құрылған айтылым түрін қызықты етіп 
баяндап, қарым-қатынасқа түсушілердің әрбіріне лайықты мінездемелер бере 
отырып, іс-әрекеттеріне қарай шебер сипаттауда дискурстық тәжірибеге 
сүйенген. Ертегі дискурсында адресант ойын дискурстық айналымға түсіруі 
үшін мол өнер мен шеберлік қажет. Бұны ертегі дискурсының дискурстық 
тәжірибені талап етуі басқа жанрларға ұқсамайтын сипатының бірі деуге 
болады.
Ертегі дискурсында айтылымның арнайы типтік формалары кездеседі. 
Әдебиетте көркем игерілген, уақыт пен кеңістіктік қатынастардың байланысы 
ретінде анықталған негізгі кейіпкерлер мен хронотоп ертегінің басында 
көрсетіледі. Мәтіннің негізгі бөлігінде негізгі оқиғалар ашылып, соңы әдетте, 
бақытты болып аяқталады. Осыған байланысты ертегілерде тек ертегі 
дискурсына тән клишелік құрылымдарды сипаттамалық және үнемді 
құрылымдарды қолданады. Олар – қалыптасқан, дайын дәстүрлі тұрақты 
формалар. Бұл формалар ертегіні көркемдеп, жандандыра түседі, оның 
әсерлілігін арттырады. Ақпараттық-қажеттік сипатқа ие бұл клишелі 
предикативті топтар мен сөйлемдер ертегі дискурсының коммуникативті 
талаптарына сәйкес дайын, негізінен кеңістік-уақыттық формулаларды орынды 
қолдануға қатысты болады. Клишелі құрылымдар мәтінде орналасуына қарай
былайша бөлінеді: ертегі мәтінінің басында орналасқан «бастапқы», мәтіннің 
соңғы бөлігінде «соңғы», және «орталық». Көбінесе ертегілік клишелер
ертегілік формулалар - ырғақты прозаикалық фразалар болып келеді. Мысалы,
ерте, ерте ертеде, баяғыда бір бай болыпты, баяғыда бір кедей болыпты, бай 
болып барша мұратына жетіпті, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасапты, ал 
орыс ертегілерінде «жили-были, в некотором царстве, за тридевять земель – в 
тридесятом государстве, жить-поживать да добра наживать, повели под венец, 
тут и сказке конец, тут и сказке конец, а кто слушал – молодец», т.б. Араб ертегі 
дискурсында қолданылатын клишелі формалар:
ِِدلاِب نِم دَلَب يِف ِِم اَيلأا نِم ِ م ْوَي يف َِو نام َّزلا
٬
ِ
ِميِدَق يِف ناك 
لاب ِِأَنْهَأ و ِ
لاح ِِدَعْسَأ ىَلَع ِْم ه ِِةايَحْلا َو َِلو ط َِوو شاعاًعيِمَج 
اتفمخلاِبرشوِفافزلاِمهعم ناطلسلاِنباِجوزت تنكو 
!نوعمتسملا لامكل،اهيأ قيفوت لك 


43 
яғни, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет