Култанбаева нургул калдыгуловна



Pdf көрінісі
бет20/82
Дата09.05.2023
өлшемі2,3 Mb.
#176340
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Байланысты:
ЕРТЕГІ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ӨЛШЕМДЕРІ

концепт 
ұғымына 
берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесінде концептіні танытатын мынадай 
өлшемдерін ұсынады: «
концепт 
дүниенің құндылықтарын танытады; санадағы 
дүниенің мәнін бейнелейді; тіл арқылы объективтенеді; субъектінің білім 
деңгейін танытады; белгілі бір ұлттың мәдени деңгейі мен ділін көрсетеді; әрбір 
ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын ажыратады; тұлғаның өзіндік 
танымдық стилін айқындайды; концепт – адам тәжірибесіндегі идеалды 
түсініктің ең кішкене бірлігі; білімді тарату, сақтау және оны өңдеудің негізгі 
бірлігі; белгілі бір мәдени болмыстың негізгі ұясы» [77, 20].
Ю.С. Городова ертегі дискурсындағы лингвомәдени ерекшелікті ертегілік 
категориясының вербалдануынан қарастырады. Ертегі мәтіндерінің атауларын, 
құрылымдық ерекшелігін және қарым-қатынас стратегияларын арнайы 
зерттейді. Ертегі дискурсындағы ертегішінің стратегияларының ішінен 
мынандай бағыттарды бөліп көрсетеді: нақты бір жанрлық канонға сәйкес 
ертегі мәтінін ұйымдастыруға бағытталған стратегия. Ертегінің ойын ашуға 


48 
мүмкіндік береді және ертегіші тұлғасын анықтайды. 1. Стратегияның бұл түрі 
ертегінің басы, ортасы және аяқталуына тән тұрақты клишелерді қолдануымен 
сипатталады. 2. Оқырманға әсер ету мақсатында нақты стилистикалық және 
лексикалық құралдарды таңдауға бағытталған стратегия. 3. Ертегі мәтініндегі 
жағдаят пен адресанттың ертегі мәтініндегі жағдаятқа деген қарым-қатынасын 
және оның дүниетанымын анықтауға бағытталған стратегия [44, 57].
Ф. Хакимова қиял-ғажайып ертегілерінің лингвомәдени ерекшелігін 
ғажайыптылықтың ертегі мәтініндегі көрінісінен, ғажайып оқиғалар, ғажайып 
заттар, ғажайып іс-әрекеттер, ғажайып қозғалыс т.б., қиялдың тілдік 
көріністерінен, ертегі кейіпкерлерінің бай, кедей болып әлеуметтік топтарға 
бөлінуінен, гендерлік ерекшеліктерден, қиял-ғажайып ертегілерінің бастан аяқ 
бір моральға құрылатын композициялық құрылысы тұрғысынан талдайды 
[78,10]. 
Сию Цзинтин ертегі дискурсының лингвомәдени сипатын мәдени-мәнді 
мағыналармен стереотиптерден іздейді. Әйел және ер адам бейнелерінің 
вербалдануындағы ұлттық ділге тән белгілерімен түсіндіреді [49, 18]. 
А.Т. Қасымбекова халық қиял-ғажайып ертегілерінің лингвомәдени 
ерекшеліктерін ертегі дискурсының астырт және үстірт құрылымдарынан 
іздейді. Үстірт құрылымдар бірдей болып келеді, сондықтан да халық 
ертегілерінің бұл түрін қиял-ғажайып деп атауға толық негіз бар деп 
тұжырымдайды. Ертегі дискурсының лингвомәдени ерекшеліктері астырт 
құрылымда көрінеді. Олар маңызды сценарийлер мен фреймдерден және 
оларды құрушы слоттардан тұрады деп жазады. Ғалымның пайымдауынша, 
ертегі дискурсының астырт құрылымы тыңдаушылардың түпсанасына әсер ету 
арқылы белгілі бір ұлтқа тән қажетті ғалам бейнесін қалыптастыруға негіз 
болатын кодталған мәдениеттанымдық маркерлерден тұрады. Сонымен бірге 
ертегі 
дискурсының 
лингвомәдени 
ерекшелігін 
анықтауда 
ертегі 
кейіпкерлерінің есімдеріне, сан ұғымының мәдени маркер ретіндегі сипатына 
талдау жасайды [46, 81].
Е.Н. Маклакова тілдік құбылыстардың лингвомәдени ерекшелігінің көріну 
формасын төмендегіше сипаттайды: халықтың жадында сақталған тарихи 
оқиғалардың атауы; мәдени реалий атаулары; ономастикалық реалий атаулары; 
ұлттық прецеденттік мәтіндермен байланысты атаулар; ұлттық мәдени 
баламасыз реалий атаулары; ұлттық тұрмыстық реалий атаулары; ұлттық 
мәдени символдарды бейнелейтін атаулар [79, 9].
Г.Д. Гачевтің зерттеуі тұрғысынан: «ұлттық әлем бейнесін анықтау үшін 
ұлттық өмір бүтіндей қарастырылады: табиғат, оның құбылыстары, тұрмыс, 
фольклор, поэзияның бейнелілігі, кеңістік пен уақыттың қарым-қатынасы 
т.с.с.». Ал осының бәрін, бірінші кезекте, тіл арқылы біле алатынымыз анық. 
Кез келген ұлттың тілін білу үшін алдымен аударма және салыстырма тәсілдері
қолданылады [80, 97]. 
Д.Ф. Шакиров, А.Ш. Юсупова ертегі дискурсының лингвомәдени 
аспектісін ғажайып, құндылық, сөздер мен сөз тіркестерінің жағымсыз 
сипатымен, ғажайып құбылысқа деген оң және теріс көзқарастармен, 
хронотоппен, қайталаулармен, сөйлеу стратегияларымен, ертегі мәтінінің 


49 
құрылымымен анықтайды. Ертегі дискурсының қарым-қатынас стратегиясы 
нақты айтылым жағдаятымен айқындалады. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі 
эксплицитті және имплицитті стратегиялар қиялдан және ойдан шығарылған 
ертегілік ақпаратқа тыңдаушыны сендіріп, оның көңілін көтеруді мақсат етеді 
[40, 5].
С.К. Кенжемуратова «Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ертегі 
дискурсының лингвомәдени өлшемдері» деп аталатын зерттеуінде ертегі 
дискурсын 
салыстырмалы-салғастырмалы 
аспектіде 
қарастырады. 
Лингвомәдени құралдарды талдаудың кешенді әдістемесіне лексикалық, 
синтаксистік, стилистикалық және лингвомәдени талдауларды жатқызады. 
Ертегілік категориясын бейнелейтін лексикалық құралдарды, ертегілік 
оқиғаларды, ертегілік категориясының құндылық өлшемін, ғажайыптың нақты 
бір жағдаяттағы көрінісін, ертегілік категориясының кеңістік және уақыт 
белгілерін, құрылымдық ерекшеліктерін, мифологемаларды, стереотиптерді, 
наным-сенімдерді, ырым-тыйымдарды ертегі дискурсының лингвомәдени 
өлшемдері деп анықтайды [45, 43]. 
Д.В. Ворошкевич мәтінді лингвомәдени талдаудың міндеттеріне мәтіннен 
сол елдің мәдениеті туралы ақпаратты алу, алынған мәліметтерді түсіндіру, әр 
түрлі мәдениеттегі дүниенің құндылық бейнесін салыстыруды жатқызады. 
Ғалымның пікірінше, лингвомәдени талдау әдістеріне 1) филологиялық талдау 
әдісі, мәтін мазмұнын идеялық тұрғыдан түсіндіру тәсілі және тілдік 
құралдарды жанрлық тұрғыдан қолдану әдістері; 2) сөйлеушінің дүние 
бейнесін қайта жаңғырту, концептуалды талдау әдісі; 3) салғастырмалы әдіс. 
Лингвомәдени талдау пәніне төмендегі тілдік бірліктерді жатқызады: 
баламасыз лексика мен лакундар, архетиптер мен мифологемалар, эталондар, 
стереотиптер, символдар, паремия, фразеологизмдер, метафоралар, бейнелеуіш 
құралдар, сөйлеу мінез-құлқы, сөйлеу әдебі, мәдени тірек концептілер, 
прецедентті феномендер [81, 97].
Сол сияқты қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесіндегі мифтік 
танымның вербалдану барысын қараған Б. Ақбердиеваның [82] көркем 
мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттарын зерттеген Ш. Елемесованың 
[83], қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивті семантикасын зерделеген 
Н. Аитованың [84], қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәнін 
талдаған Қ. Қаирбаеваның [85], Т. Ізтілеуовтің шығармашылық дискурсын 
автордың танымдық ерекшелігі ретінде зерттеген Ф. Қожахметованың [86], 
М. Дулатовтың шығармаларындағы ғаламның тілдік бейнесін қарастырған 
Г. Имашеваның [87] т.б. зерттеулерінде тіл арқылы сақталып, берілетін ұлттық, 
мәдени, дүниетанымдық қордың концептілік жүйесі жан-жақты қарастырылған. 
В.А. Маслованың түсіндіруінше [88, 162], мәтінді лингвомәдени талдау 
мәдениетті танудың жетекші әдістерінің бірі ретінде саналады, өйткені 
мәтіндер мәдени мағыналарды жеткізудің ең маңызды тәсілі болып табылады. 
Мәтіннің барлық деңгейлері, яғни құрылымы, мазмұны, прагматикалық жағы, 
лингвистикалық компоненті лингвомәдени талдауға ұшырауы мүмкін [89, 78-
79]. Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров лингвоелтану бағыты аясында 
көркем әдеби мәтіндердің мәдени мағыналарды түсіндіруді алғаш рет ұсынды. 


50 
Мәтінді түсіну деңгейлеріне сүйене отырып, зерттеушілер мәтінмен жұмыс 
істеу әдістемесін ұлттық мәдениеттің семантикалық кеңістігіне тікелей қатысы 
бар елеулі өлшемдермен толықтырды. Бұл өлшемдерді тілдік таңбаның мәдени 
мағыналарын кодтау және жеткізу қабілетін ескере отырып, лингвистикалық 
тұрғыдан былайша сипаттауға болады: «...мәтінде кездесетін тілдік бірліктер 
(сөздер, сөз тіркестері, фразеологиялық бірліктер, тілдік афоризмдер және 
реляциялық тілдік бірліктер) когнитивтік ақпаратты тасымалдаушы қызметін 
атқарады, ал бұл ақпаратты алу тәсілі олардың ұлттық-мәдени семантикасын 
нығайту болып табылады [90, 10-11]. Бұл ұлттық-мәдени семантиканың 
анықталуы мен нығаюы көркем мәтінді жан-жақты лингвомәдени «сараптау» 
барысында мүмкін болады. Лингвомәдениеттанымның дамуының осы 
кезеңінде когнитивтік-концептуалды талдау әдістерін қолдану арқылы мәдени 
мағыналарды қайта жаңғыртуға болады. Дүниені қабылдау және ұйымдастыру 
тәсілі табиғи тілдердің кез келгенінде белгілі бір түрде көрініс тауып, белгілі 
бір тілде сөйлеуші әрбір адам үшін міндетті көзқарастар мен нұсқаулар жүйесін 
құрайды. Белгілі бір халықтың өзін қоршаған дүние туралы білімін көрсететін, 
қоғамның қалауы мен нормалары бойынша бағаланатын және тілдік 
бірліктердің мағынасында бекітілген бейнелер, түсініктер, стандарттар, 
стереотиптер мен белгілер жүйесі дүниенің тілдік бейнесі болып табылады. 
Қайта жаңғыртуға негіз бола алатын тілдік атаулар, немесе «тілдік фактілер» 
(әртүрлі лексемалар, грамматикалық формалар, сөзжасамдық үлгілер, просодия, 
синтаксистік құрылымдар, фраземалар, лексикалық-семантикалық үйлесімділік 
ережелері және т.б.) болуы мүмкін, немесе олардың мазмұнын тікелей я жанама 
түрде бейнелейтін, нақтылайтын және дамытатын тілдік не тілдік емес 
құралдардың бүкіл жиынтығы арқылы білдірілген мәдени ұғымдар. 
Дискурстың белгілі бір түрінің лингвомәдени сипатын зерттегенде, концепт 
белгілі бір дискурстық талдау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. 
Дискурстың біршама күрделі және салалы екенін, көптеген элементтерді 
қамтитынын ескерсек, оны концептуалды сфера, яғни бір-бірімен байланысты 
ұғымдар жиынтығы ретінде көрсетуге болады. Дискурстың түрі оның 
айналасында үлкен мағыналық аумақты шоғырландыратындықтан, үлкен 
генеративті күшке ие негізгі ұғымдарымен анықталады. Ертегі дискурсының 
тілдік бейнесін қалыптастыруда негізгі рөл атқаратын тірек концептілерге қазақ 
ертегі дискурсында кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет