Локализация кумариндердің таралуы.
Кумариндер өсімдік әлемінде кеңінен таралған. Олар 34 тұқымдасқа жататын 200-ден аса өсімдік түрлерінен анықталған.
Fаbасеае, Аstегасеае, Арiасеае, Rutaсеае, Saxifragaсеае, Нiрросаstапасеае тұқымдасына жататын өсімдіктер кумариндерге бай.
Кейбір кумариндер мал өнімдерінде кездеседі.
Өсімдік органына байланысты кумариндер біркелкі таралмаған.
Табиғатта көбінесе кумарин туындылары және фурокумариндер жиі кездеседі.
Кумариндер өсімдіктің әртүрлі органдарында локализденеді, тамырында, жемісінде және тұқымында көп, ал жапырағында, бұтағында аз локализденеді.
Әртүрлі өсімдіктерде 0,2-ден 10 %-ке дейін түзіледі, өсімдіктің бір түрінен әртүрлі құрылысты 5-10 кумариндерді кездестіруге болады.
Кумариндердің сапалық және сандық құрамы әртүрлі. Кумариндердің құрамы өзгереді және өсімдік онтогенезінде максималды түрде жиналады.
Солтүстік климаттағы өсімдіктерде құрамында окси- метокси-, күрделі- эфирлі және қант қалдығы бар кумариндердің жиналуы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |