Кумариндер және хромондар


Бензофуранокумариндер немесе Куместандар (куместролдар)



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#95923
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция КУМАРИНДЕР ЖӘНЕ ХРОМОНДАР

5.Бензофуранокумариндер немесе Куместандар (куместролдар).

Кумаринмен 3,4- жағдайда конденсирленген бензофуран системасы болатын кумариндер:





Куместрол

Куместролдар бұршақтұқымдастарға жататын клевердің әр түрінен бөлінген.

Кумариннің кейбір күрделі конденсирленген туындылары (афлатоксин), әзірге медицинада қолданылмайды.
Физико-химиялық қасиеттері.

Жеке күйінде бөліп алынған кумариндер – кристалды немесе аморфты, түссіз немесе аздап сарғыш түсті.


Жай кумариндер, олардың окси- және метокситуындылары және гликозидтері суда, спиртте ериді.

Фурокумариндер және пиранокумариндер тек органикалық еріткішде ериді (хлороформда, этанолда, диэтил эфирінде) және майларда.

Кумариндер сілтінің сулы ерітінділерінде жақсы ериді (қыздыру кезінде), ол оксикорич қышқылының тұздары түзілуіне байланысты.

Көптеген кумариндер бейтарап спирт ерітіндісінде, сілті ерітіндісінде және концентрлі күкірт қышқылында УФ спектрдің көрінетін облысында флуоресценция жүреді.


Әсіресе умбеллиферон туындылары ашық көк флуоресценция жүру арқылы ерекшеленеді.
Сілтілік ортада флуоресценция интенсивті, қышқылдау кезінде флуоресценция интенсивтілігі азаяды және флуоресценция өзгереді.

Кейбір кумариндер ультракүлгін сәуленің әсерінен циклобутан түзе отырып, димеризацияға ұшырайды, келесі тип бойынша:



Бөлу әдістері.

Өсімдік шикізатынан кумариндерді бөлу үшін әртүрлі еріткіштер қолданылады: метил және этил спирті, бензол, хлороформ, этил және петролей эфирлері. Спирт ерітінділері бөгде заттардан тазартады.

Кумариндердің толық экстракциясы этил спирті арқылы жүргізіледі.

Спирттен айдалғаннан кейінгі қоймалжың экстракт мына ерітікштермен өңделеді: хлороформ, этил эфирі.



САНДЫҚ АНЫҚТАУ.

Өсімдік шикізатынан кумариндерді анықтау үшін олардың лактонды қасиеттерін қолданады,

- лактон сақинасының айрылу реакциясына түсу (лактон пробасы);

- диазоқосылыстармен боялған ерітінділер беру;

- УФ-жарықта флуоресцирлеу.


  1. Лактон пробасы (Г.А-Кузнецова ұсынған).

Реакция бақылау тәжірибесі арқылы жүргізіледі.

Құрамында кумариндер бар ерітіндіні екі пробиркаға құяды.

Біреуіне 10%-ті натрий гидроксиді ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосады. Екі пробирканы сулы моншада қыздырады, сосын екеуіне де 5 мл дистилденген су қосады және жақсылап араластырады.

Егер сілті қосылған пробиркадағы ерітінді сары немесе түссіз болса, онда реакция оң, кумар қышқылының суда еритін тұзы сары түсті болады.
Бақылау пробиркасындағы ерітіндіге су қосқанда лайланады, кумариндер суда ерімейді және тұнба түзеді.

Сілті ерітіндісіне қышқыл қосқан кезде лактон сақинасы бекітіліп, кумариндер тұнбаға түседі.








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет